Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 сәуір. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына және барша қазақ халқына көңіл айтты. Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға болғаны атап өтілген. Оның терең мазмұнды, өзіндік ерекшелігімен және жоғары азаматтық ұстанымымен дараланған шығармашылығы ұлттық поэзияны байытып, мәдени мұрадан лайықты орын алды. «Ол қоғамдағы өзекті мәселелерге әрдайым үн қатып, әділдік қағидаттарын табандылықпен қорғады, халық пен ел мүддесіне адал қызмет етті. Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі, батылдығы, принципшілдігі…

Read More

Caspianlife, 17 сәуір. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау жаңа халықаралық бағытының ашылғанын хабарлады. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер 6 маусымнан басталып, 29 тамызға дейін жалғасады. Ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Кесте жолаушылар үшін қолайлы уақытты ескере отырып жасалған. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те жетеді. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та келеді. Барлық уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген. Бір бағыттағы билет құны 41 000 теңгеден басталады*. Әуе билеттері FlyArystan-ның мобильді қосымшасында, ресми сайтында және басқа да сату арналары арқылы қолжетімді. Стандартты тарифке ұшақтағы кездейсоқ орын және…

Read More

CaspianLife, 17 сәуір. Бұл ақпарат Еділ  өзенінің су режимі реттелетін жағдайда балықтың табиғи өндірісін қамтамасыз ету мәселелері қаралған кеңес барысында мәлім болды. Кеңес Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің (АМТУ) базасында өтті, оған Ресейдің Балық шаруашылығы жөніндегі федералдық агенттігінің  басшысы Илья Шестаков қатысты. Жиын барысында Астрахан облысындағы балық шаруашылығы мен Еділдегі су биологиялық ресурстарының жай-күйі бүгінде ерекше назар аударуды талап ететіні атап өтілді. Ғылыми мәліметтер Каспий теңізінің тартылып бара жатқанын көрсетеді. Бұл балықтың табиғи өсіп-өну жағдайын нашарлатады. Әсіресе қаракөз (вобла) мен қаражон майшабақ (сельдь-черноспинка) жойылып кету қаупі жоғары аймақта тұр. «Еділ-Каспий бассейні — отандық кәсіпшілік пен аквакультура үшін негізгі аймақтардың бірі. Мұндағы…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Жылыой ауданындағы Жем өзенінің бойында орналасқан Аралтөбе учаскесінде су қоймасын салу жоспарлануда. Жоба аймақтың су ресурстарын тиімді басқаруға және ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін өтеуге бағытталған. Бұл туралы баспасөз туры барысында аудан әкімі Жұмабек Қаражанов мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама аясында Жем өзенінде сыйымдылығы 220 млн текше метр болатын су қоймасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген. Құжат Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына келісуге жіберілді. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қаржыландыру қарастырылатын болады. Сонымен қатар, Құлсары қаласын (Жылыой ауданының әкімшілік орталығы) су тасқынынан қорғауға мүмкіндік беретін гидрошлюз құрылысы аяқталды. Жем өзеніндегі жаңа нысан Құрсай каналындағы су ағынын реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл…

Read More

Caspianlife, 16 сәуір.  «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ішкі істер министрлігі мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. ҚР ІІМ-нің Polisia.kz ведомстволық сайтының хабарлауынша, 9 сәуірде Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан топты құрықтады. Қаскөйлердің далалық алқаптарға арнайы шығып, қараусыз жайылған малдарды іздегені анықталды. «Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, кейіннен сату үшін жүк көліктерімен Маңғыстау облысына тасымалдап отырған. Қазіргі таңда топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Шығын көлемі 10 млн теңгеден асты. Ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылымға шығуына жол берілмеді. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлайды…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің 2026 жылғы 29 тамызды қоса алғандағы мерзімге дейін тоқтатылғанын хабарлады. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, тоқтатылған рейстер жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі ұсынылады. FlyArystan-ның ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы билет сатып алған жолаушылар қайтарымды онлайн түрде өз бетінше рәсімдей алады. Ал туристік агенттіктер мен басқа да сату арналары арқылы алынған билеттер бойынша сатып алынған жерге жүгіну ұсынылады.

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен өңірде мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, қадағалау органының үйлестіруімен, тиісті нұсқаулар беру және жасырын тергеу әрекеттерін бастау арқылы облыс аумағында ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) қызметі тоқтатылды. «Тергеу барысында ҰҚТ құрамында мал дәрігерлері болғаны анықталды. Олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырған. Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде көмектесуде», — делінген прокуратура мәліметінде. Сондай-ақ бұл жағдай осындай қылмыстар үшін жазаның бұлтартпас екенін көрсететін айқын мысал…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Тиісті келісімдер 2025 жылғы 9 қазанда Душанбеде өткен бірлескен кездесу барысында Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы президенттері арасында қол жеткізілді. Бұл туралы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған. «Тараптар Ресей Федерациясының әуе кеңістігінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты салдарды, оның ішінде өтемақы төлеу мәселесін тиісінше реттеу жөнінде келісімге келді», — делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ қабылданған қадамдар тараптардың одақтастық өзара іс-қимыл аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ортақ ұмтылысын растайтыны атап өтілді.…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір. Батыс Қазақстанға сапар жоспарласаңыз, Ақтау мен Атырау қалаларында жайлы орналасуға мүмкіндік бар – бұл өңірлерде Keruen Inn желісінің заманауи қонақ үйлері жұмыс істейді. Keruen Inn қонақ үйлері жол үстіндегі жолаушыларға да, іссапармен келген қонақтарға да ыңғайлы формат ұсынады. Қолжетімді баға мен қажетті барлық жағдайлар үйлесім тапқан: бөлмелерде тегін Wi-Fi, спутниктік теледидар, шай жиынтығы және гигиеналық құралдар бар. Сонымен қатар қонақтар душ, кір жуу қызметтері, күзетілетін автотұрақ, намазхана және қосымша сервистерді пайдалана алады. Кей нысандарда супермаркет пен электромобильдерге арналған зарядтау станциялары да қарастырылған. Енді Ақтау мен Атырауда сапарыңыз кезінде сенімді әрі жайлы тоқтайтын орын іздесеңіз – Keruen Inn…

Read More

CaspianLife, 15 сәуір. Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Zhylyoi Operating» ЖШС-нің бас директоры Ху Гэнчэнмен жұмыс кездесуін өткізді. Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында «Жылыой» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Жоба қазақстандық-қытайлық «Zhylyoi Operating» ЖШС тарапынан ҚазМұнайГаз ҰК АҚ және China National Offshore Oil Corporation компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталған жоба мұнай мен газдың жаңа қорларын іздеу және бағалау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ өңірдің ресурстық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жобаны іске асыру Мемлекет басшысының геологиялық барлауды кеңейту, стратегиялық инвесторларды тарту және заманауи технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде. Тараптар жобаны әрі қарай іске асыру жоспарларын қарастырып, оның облыстың…

Read More