CaspianLife, 16 сәуір. Батыс Қазақстанға сапар жоспарласаңыз, Ақтау мен Атырау қалаларында жайлы орналасуға мүмкіндік бар – бұл өңірлерде Keruen Inn желісінің заманауи қонақ үйлері жұмыс істейді.
Keruen Inn қонақ үйлері жол үстіндегі жолаушыларға да, іссапармен келген қонақтарға да ыңғайлы формат ұсынады. Қолжетімді баға мен қажетті барлық жағдайлар үйлесім тапқан: бөлмелерде тегін Wi-Fi, спутниктік теледидар, шай жиынтығы және гигиеналық құралдар бар.
Сонымен қатар қонақтар душ, кір жуу қызметтері, күзетілетін автотұрақ, намазхана және қосымша сервистерді пайдалана алады. Кей нысандарда супермаркет пен электромобильдерге арналған зарядтау станциялары да қарастырылған.
Енді Ақтау мен Атырауда сапарыңыз кезінде сенімді әрі жайлы тоқтайтын орын іздесеңіз – Keruen Inn қонақ үйлері сіз үшін қолайлы таңдау.











