Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 сәуір. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынылғанын анықтады. Азаматтық авиация комитетінің (КГА) мәліметінше, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес аталған әуе компанияларына әкімшілік шаралар қолданылып, әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. CaspianLife редакциясының ескертпесі: 100 АЕК — 432 500 теңге (1 АЕК – 4 325 теңге).

Read More

CaspianLife, 15 сәуір. Мемлекет басшысының өкімімен Кәрібаев Нұрлан Серікбайұлы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Read More

Caspianlife, 15 сәуір. Атырау қаласында нөсер жаңбырдан соң су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір түнде қалаға 24 мм жаңбыр жауған. Айлық орташа норма 17 мм болса, жауын-шашын бір жарым айлық мөлшерде түскен. Жұмысқа 40 вакуумды техника жұмылдырылып, 6450 м³ жаңбыр суы сорылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Коммуналдық қызметтердің жұмысы күні бойы үздіксіз жалғасуда. Қала көшелері мен әлеуметтік нысандар аумағы тазартылып жатыр. Тұрғындардан түскен 109 өтініш қаралып, су жиналған учаскелер кезегімен құрғатылуда.

Read More

CaspianLife, 14 сәуір.  Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін тұрақтандыру және жаңа жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен жиында аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Есепті кезеңде Атырау облысы бірқатар салаларда оң динамика көрсетті: Өңдеу өнеркәсібі: 8,5%-ға өсті; Құрылыс саласы: 7,2%-ға ұлғайды; Ауыл, орман және балық шаруашылығы: 1,2%-ға артты. Кейбір бағыттар бойынша көрсеткіштердің төмендеуі байқалғанымен (сауда индексі – 98,5%, көлік және қоймалау – 94,5%), әкімдік жоспарлы межеге шығу үшін тиісті шараларды қабылдап жатқанын жеткізді. Аймақ басшысы биылғы жылға жоспарланған ірі жобаларға тоқталды. Биыл 756,4 млрд теңге инвестиция тартатын 5 ірі…

Read More

Caspianlife, 14 сәуір. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Адам құқығын қорғау комитеті 2016 жылы бес жылға сотталған белсенділер Боқаев пен Аянның құқығы бұзылды деп санайды. Белгілі құқық қорғаушы, 2016 жылы жер митингілері үшін бес жылға сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығын қорғау комитетінде жеңіске жетті. Бұл туралы белсендінің өзі әлеуметтік желідегі жазбасында жариялады. БҰҰ Адам құқығы комитетіне Макс Боқаев пен Талғат Аянның арызы негізінде шағым жолданған. «Адам құқықтары жөніндегі комитет Факультативтік хаттаманың 5-бабының 4-тармағына сәйкес әрекет ете отырып, өзіне ұсынылған ақпарат Қазақстан Республикасы қатысушы мемлекет тарапынан М. Боқай мен Т. Аяновтың Пактінің 9-бабының 1-тармағына, 19-бабының 2-тармағына және…

Read More

Caspianlife, 14 сәуір. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысын талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және саланың экономикадағы үлесін арттыру мәселелері қаралды. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндағандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласының жалпы өнімі 12,2 трлн теңгені құраған. Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында өсім 12,8%-ға жеткен. Өткен жылы елімізде жалпы ұзындығы 2 мың шақырымды құрайтын ірі жол жобалары аяқталды. Соның ішінде Атырау өңірі үшін маңызды Атырау – Астрахан тас жолы да бар. Бұл бағыт өңірдің Ресеймен және халықаралық нарықтармен байланысын күшейтуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда транзиттік дәліздерді дамыту…

Read More

CaspianLife, 14 сәуір.  Сапар барысында «Дарын» балабақшасы мен Жайық-Бином және Ә.Жангелдин атындағы мектепті аралап, білім беру сапасы, оқу процесі және материалдық-техникалық базамен танысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Министр мектепке дейінгі білім беру деңгейін оң бағалап, цифрландыру, оқушылар қауіпсіздігі мен оқыту сапасына ерекше назар аударды. Кездесу барысында ұстаздар бастауыш сынып оқулықтарының мазмұнына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Министр бұл мәселелерді назарға алып, нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ педагогтердің жүктемесін азайту, артық есептілікті қысқарту және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатыны айтылды. Бұдан бөлек, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаларын қоғам өміріне кеңінен енгізу мәселесі талқыланды.

Read More

CaspianLife, 14 сәуір. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналарды төлеу тәртібін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның айтуынша, кездесу барысында мамандар жұмыс берушілер жиі жіберетін қателіктерді жан-жақты талдап, өзекті сұрақтарға жауап берді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау филиалы халықты ақпараттандыру және пациенттерді қолдау бөлімінің бас сарапшысы Сағынбек Ароновтың мәліметінше, МӘМС жүйесі Қазақстанда 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Ол төлемдерді енгізу тәртібін реттеп, жарналар дұрыс әрі уақытылы төленген жағдайда азаматтарға медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. С.Ароновтың сөзінше, түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік және жеке ұйымдарда жүргізіліп келеді.…

Read More

Caspianlife, 14 сәуір. Ақтауда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд ұйымдастырылды. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Іс-шараны Маңғыстау облыстық полиция департаменті ұйымдастырып, оған облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары да қатысты. Рейд барысында түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелетке толмаған 17 жасөспірім анықталып, оларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақтау қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Рахаевтың айтуынша, мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. – Кезекті рейдтің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Сонымен қатар олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Заңға сәйкес, кәмелетке толмағандар заңды өкілінсіз…

Read More

Caspianlife, 14 сәуір. Атырау облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары аясында 114 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы химиялық өңдеуден өтеді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Мәліметке сәйкес, оның 79 мың гектары республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткеге қарсы өңделсе, 35 мың гектардан астам аумақта жергілікті бюджет есебінен саяқ шегірткеге қарсы жұмыстар жүргізіледі. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 250 миллион теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер анықталған. Өңдеу жұмыстары дәстүрлі түрде мамыр-маусым айларында басталады. Жалпы жұмыстар облыстың 7 аумағында жүргізіледі. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Азат Қапановтың айтуынша, науқанға шамамен 160 адам жұмылдырылады.…

Read More