Caspianlife, 15 сәуір. Атырау қаласында нөсер жаңбырдан соң су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір түнде қалаға 24 мм жаңбыр жауған. Айлық орташа норма 17 мм болса, жауын-шашын бір жарым айлық мөлшерде түскен. Жұмысқа 40 вакуумды техника жұмылдырылып, 6450 м³ жаңбыр суы сорылды.
Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Коммуналдық қызметтердің жұмысы күні бойы үздіксіз жалғасуда. Қала көшелері мен әлеуметтік нысандар аумағы тазартылып жатыр. Тұрғындардан түскен 109 өтініш қаралып, су жиналған учаскелер кезегімен құрғатылуда.

