Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 сәуір.  Жайық өзенінің жоғарғы ағысындағы экологиялық жағдай күрт нашарлады. Ресейлік кәсіпорындар жылдар бойы өзенге улы қалдықтар төгіп келгені анықталды. Бұл трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында орналасқан Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары үшін тікелей қауіп тудырып отыр. ФБРК мәліметінше, Ресей Федерациясының табиғат қорғау прокуратурасы Орынбор облысындағы ірі өнеркәсіптік орталықтар — Орск және Новотроицк қалаларындағы зауыттарды тексерді. Дәл осы аймақта Жайық ағынының 70%-ы қалыптасады. Тексеру нәтижесінде мынадай сұмдық деректер белгілі болды: Шекті нормадан асу: 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті зауыттар зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын (ШРК) жүйелі түрде асырып келген. Жауапсыздық: Кәсіпорындар өзеннің биоресурстарына тигізетін әсеріне ешқандай бағалау жүргізбеген…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір. Атырау облысы білім беру басқармасының ақпараты бойынша, өңірдегі жекеменшік мектептерді ағымдағы оқу жылының соңына дейін қаржыландыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін бұл мәселе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қаралған болатын. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның хабарлауынша, жекеменшік білім беру ұйымдары өкілдерінің ұжымдық өтініші осы мәселенің көтерілуіне себеп болған. Олар 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында қаржыландырудың тоқтап қалуына алаңдаушылық білдірген. Өтініште өңірдегі жекеменшік мектептер 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысу туралы өтінімдерін «E-Qazyna» цифрлық жүйесі арқылы уақтылы бергені көрсетілген. Алайда, олардың айтуынша,…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір. Жұмыс сапары барысында ол BINOM JAIYK мектебін, «С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ оқу-өндірістік полигонын, Farabi International School жеке халықаралық мектебін және Ресей мемлекеттік мұнай-газ университетінің филиалын аралады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол өз жарияланымында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің Атыраудағы филиалының жұмысымен жан-жақты танысқанын атап өтті. Бұл — С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында ашылған бірегей білім беру алаңы. «Бұл — мұнай-газ саласы бойынша білім беретін Ресейдің жетекші жоғары оқу орнының филиалы. Ол әлемдік мұнай-газ…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста толық атысты тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілгенін құптайды. Бұл келісім Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунир арағайындығымен жүзеге асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл келісімге қол жеткізу Дональд Трамп және Иранның жоғары басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа тартылған барлық елдердің ізгі ниеті мен парасатының арқасында мүмкін болған. «Мемлекет басшысы қол жеткізілген бітім келісімінің ұзақ мерзімді болатынына үміт білдірді. Бұл әлемдік сауданың дамуына және барлық елдердің экономикалық өркендеуіне ықпал етеді», — деп жазды Айбек Смадияров.

Read More

Caspianlife, 6 сәуір.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласында шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект синергиясы білім беру саласында» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Ауқымды іс-шара білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, олардың тиімділігі мен болашағын талқылауға арналды. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру саласының мамандары қатысты. Онлайн форматта ұйымдастырылған жиын түрлі елдерден сарапшылардың басын қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөлі, цифрлық технологиялардың ықпалы, оқыту әдістерін жетілдіру жолдары және академиялық ортадағы инновациялар кеңінен сөз болды. Қатысушылар білім сапасын арттыруда заманауи технологиялардың маңызын атап…

Read More

CaspianLife, 6 сәуір.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсаттары 4 – Сапалы білім» жобасы аясында «Асыл сөз іздесең, Абайды оқы» тақырыбында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шара білім алушылардың рухани дамуына бағытталып, ұлттық мұраны заманауи тұрғыда дәріптеуді мақсат етті. Дөңгелек үстелге университет студенттерімен қатар Түркия, Қытай, Түркіменстан, Моңғолия және Тәжікстан елдерінен келген шетелдік білім алушылар да белсенді қатысты. Іс-шараның басты ерекшелігі – Абай өлеңдерін жасанды интеллект көмегімен «сөйлетіп», оны заманауи технологиялар арқылы талқылау болды. Бұл тәсіл студенттердің қызығушылығын арттырып қана қоймай, классикалық әдебиетті жаңаша қабылдауға мүмкіндік берді. Шетелдік студенттер Абайдың өлеңдері…

Read More

Caspianlife, 6 сәуір. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын ала деректер бойынша «1974 жылы туған жүргізуші Toyota Hiace маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен жолдан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен». Баланың оқиға орнында қайтыс болғаны хабарланды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты азайтып, барынша сақ болуға шақырады. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігіне қатаң бақылау жасау қажеттігі ескертілді.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында өңір тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасалды. Инспекцияның бас маманы Мереке Шалқаровтың айтуынша, Атырау облысының даласында өсетін қызғалдақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оның сөзінше, Шренк қызғалдағы (Tulipa schrenkii) жойылып бара жатқан түрге жатады және оны жұлған үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодексте сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді заңсыз алу, иемдену, сақтау немесе жою, сондай-ақ олардың мекен ету ортасын бұзу үшін 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделгені көрсетілген. «Қазіргі таңда Қазақстанда 1 АЕК 4 325 теңге болғандықтан,…

Read More

CaspianLife, 6 сәуір. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнематериал шындыққа сәйкес келмейді. Онда Ақтау қаласында алда болатын жер сілкінісі туралы жалған ақпарат берілген. Бұл туралы бүгін түнде Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады. Ресми мәлімдемеде интернет кеңістігін мониторингтеу барысында TikTok әлеуметтік желісінде осындай мазмұндағы видео анықталғаны айтылған. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған және жалған болып табылады. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ. «Мұндай ақпарат халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең тудырады және көрінеу жалған мәлімет тарату болып саналады. Әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және күмәнді материалдарды таратпауға шақырамыз. Тек ресми дереккөздерді пайдаланыңыздар», — деп мәлімдеді жауапты орган…

Read More

CaspianLife, 3 сәуір. Атырау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны 10 млрд теңгені құрайтын құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС инвесторының құқықтарын қорғады. Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған инвесторға электр энергиясы тарифтерін қолдану кезінде «Атырау Жарық» АҚ әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілерге қарастырылған заңды жеңілдіктерді есепке алмаған. «Тек прокуратураның араласуынан кейін электр энергиясына тариф төмендетіліп, негізсіз есептелген төлемдерге қайта есептеу жүргізілді. Нәтижесінде инвестор ай сайын 600 мың теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік алды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, құны 800 млн теңге болатын тауық етінен жартылай фабрикаттар өндіру жобасын жүзеге асырып жатқан инвесторға да…

Read More