Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 сәуір. Атырау бекіре балық өсіру зауытында бюджет қаражатын негізсіз пайдалану дерегі анықталды. Кәсіпорын уылдырық сатып алу үшін жалпы құны 147,4 млн теңгені құрайтын заңсыз тендер ұйымдастырған, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Ағымдағы жылдың 23 ақпанында зауыт әкімшілігі мемлекеттік сатып алу порталында бекіре уылдырығын сатып алу туралы бірнеше хабарландыру жариялаған. Бұл жайт облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының назарына ілікті. Прокурорлар бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізіп, кәсіпорынның әрекетіне құқықтық баға берді. Анықталғандай, зауыттың негізгі міндеті – балық аулап, одан өз бетінше уылдырық пен шабақ өндіру. Алайда мекеме дайын өнімді нарық бағасымен сатып алуды көздеген. «Атырау бекіре балық өсіру зауытының…

Read More

Caspianlife, 14 сәуір. Ақтауда 13-15 сәуір күндері футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізуде. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын 9:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Ұлттық құрама ойын барысында жоғары қарқын мен нәтижелі шабуылдар ұйымдастырып, жанкүйерлерге тартысты кездесу сыйлады. Екі команда арасындағы екінші жолдастық кездесу 15 сәуір күні сағат 18:00-де Ақтаудағы «BS Arena» спорт кешенінде өтеді. Айта кетейік, аталған матч «QazSport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Read More

Caspianlife, 13 сәуір. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде күту аймақтарының инфрақұрылым параметрлерін, жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібін және техникалық жабдықталу деңгейін егжей-тегжейлі реттейтін құжат қаралуда. Көлік министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сервистік күту аймақтарын жобалау кезінде географиялық орналасуы, өткізу қабілеті, болжамды көлік ағындары, сондай-ақ жер бедері мен климаттық жағдайлар ескеріледі. Жол-коммуникациялық схемасы көліктің келу, сәйкестендіру, күту, сервис және шығу кезеңдерін бөле отырып, максималды өткізу қабілеті мен қауіпсіз маневр жасауды қамтамасыз етуі тиіс. Сервистік күту аймақтары үш функционалды блоктан — тұрақ, коммерциялық және әкімшілік бөлімдерден тұрады. Тұрақ аймағында жүк және жеңіл көліктерді бөлек орналастыру, терминалдар мен мобильді қосымшалар арқылы тіркелетін электронды кезек жүйесін енгізу…

Read More

Caspianlife, 13 сәуір. Оқу-ағарту министрлігі ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізу талаптарын нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылданған шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. «Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі. Оқушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерде өткізуге жол берілмейді», — делінген хабарламада. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі аумақтық бөліністердің қызметіне жоспарлы қызметтік тексерулерді тұрақты негізде жүргізіп келеді. Кезекті тексеріс қорытындысы бойынша Атырау облысында бірнеше жоғары лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен келесі тұлғалар атқарып отырған қызметтерінен шеттетілді:  Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы; Атырау облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы; Атырау облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл қатаң шараларға келесі факторлар негіз болған: 1. Қызметтік-жауынгерлік тәртіптің өрескел бұзылуы. 2. Жұмыс барысында тиісті бақылаудың болмауы. 3. Қызметті ұйымдастыру деңгейінің төмендігі. Ведомство ұстанымы Ішкі істер министрі бұған дейін бірнеше рет атап өткендей, министрлік өз…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір. Облыс орталығында креативті индустрияны дамытуға бағытталған бірегей жоба — Atyrau Creative Hub шығармашылық хабы ашылды. Бұл орталық өңір жастарының әлеуетін арттырып, идеяларын нақты жобаға айналдыруға мүмкіндік беретін заманауи алаңға айналмақ, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Жаңа хабтың жалпы аумағы шамамен 1600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жастар үшін барлық жағдай жасалған: Ыңғайлы коворкинг аймақтары; Заманауи медиа студиялар; Оқу аудиториялары мен кең конференц-залдар. Орталық негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді: шығармашылық, әлеуметтік жобалар және жасанды интеллект. Енді атыраулық дизайнерлер, видеомейкерлер мен IT мамандары жасанды интеллект көмегімен адам миындағы нейрондарды зерттеу немесе төтенше жағдайлардың алдын алу секілді күрделі жобаларын осы…

Read More

CaspianLife, 13 сәуір. Астана қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Ауқымды додада маңғыстаулық дарынды оқушылар жоғары дайындық көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шара Ғарышкерлер күні мен Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған. Халықаралық байқауға Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Гонконг (ҚХР АӘА) және Түркиядан 200-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынады. Жеңімпаздар тізімі: I. AEROO Space AI Competition санаты (Жасанды интеллект пен коммерциялық компоненттерді қолдана отырып ғарыштық жобаларды әзірлеу) ІІ орын иегерлері: Сарқытбай Джамиль – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы; Өтемұрат Аянат – Ақтау қаласы, «Жас Қанат» жекеменшік…

Read More

CaspianLife, 10 сәуір. Бұл туралы бүгін таңертең Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. РФ Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өткен түнде кезекші әуе қорғанысы күштері Каспий теңізі акваториясы үстінде ұшақ үлгісіндегі тоғыз ұшқышсыз ұшу аппаратын  ұстап, жойған. Сонымен қатар хабарламада дрондардың теңіздің нақты қай бөлігінде жойылғаны және қандай нысандарға шабуыл жасалғаны нақты көрсетілмеген. Сондай-ақ зардап шеккендер немесе қираулар туралы мәлімет берілмеген.

Read More

Caspianlife, 9 сәуір. Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде, саладағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау және ғылыми зерттеулер негізінде инновациялық тәжірибені енгізу шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев мәлімдеді. Оның айтуынша, саладағы кедергілерді азайтуға және кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар орталық мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапқан. — Өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту мақсатында биыл балық аулау лимиті 2023 жылмен салыстырғанда төрт есеге артып, шамамен 43,7 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі майшабақ (кутум) балығы Қызыл кітаптан шығарылып, кәсіпшілік аулау…

Read More

CaspianLife, 9 сәуір. Ақтау технологиялық сервис колледжі халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлағандай, жақында колледжге Теміртау жоғары политехникалық колледжінің директоры Салтанат Ақбергенова, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Абай Өмірбаев, сондай-ақ Бейжіңдегі «Жаңа Жібек жолы – Кәсіби көпір» білім беру консалтингтік компаниясының өкілі Цзюньфэн Чжань (Junfeng Zhan) мырза бастап келген делегация жұмыс сапарымен келді. Кездесудің негізгі мақсаты — Ақтау технологиялық сервис колледжінің базасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа  кіру мәселелерін талқылау. «Бүгінгі таңда колледж IT, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар…

Read More