CaspianLife, 15 сәуір. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынылғанын анықтады.
Азаматтық авиация комитетінің (КГА) мәліметінше, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес аталған әуе компанияларына әкімшілік шаралар қолданылып, әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
CaspianLife редакциясының ескертпесі: 100 АЕК — 432 500 теңге (1 АЕК – 4 325 теңге).