Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 сәуір. Әлеуметтік желілер мен онлайн-хабарландыру платформаларында кез келген санаттағы азаматтар үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ЕТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алуға делдалдық қызмет көрсету туралы ұсыныстар әлі де таратылуда. Ол үшін «көрсетілген қызмет» ретінде алдын ала сыйақы төлеу талап етіледі. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) мемлекеттік қоры кезекті рет ескертеді: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады. «Күмәнді схемаларға қатысуға келісе отырып, сіз тек ақшаңыздан айырылып қана қоймай, сонымен қатар жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне қатер төндіресіз. Бұл деректер кейіннен басқа да алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін», — делінген хабарламада. БЖЗҚ сонымен қатар зейнетақы жинақтарын алу ҚР Әлеуметтік кодексінде қатаң…

Read More

Caspianlife, 22 сәуір. Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында өңірлік бизнес өкілдері мен «Красноусольск» шипажайы делегациясының іскерлік кездесуі өтті. Шара туризм, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында ұйымдастырылды. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның хабарлауынша, Башқұртстаннан келген делегацияны шипажайдың бас директоры Рамиль Бадретдинов бастап келді. Сапар барысында тараптар халықаралық серіктестік перспективаларын және Қазақстаннан Башқұртстанға туристік ағынды арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Сапардың басты мақсаты — қазақстандық туроператорлармен, кәсіпорындармен және кәсіподақ ұйымдарымен тікелей байланыс орнату. Шипажай өкілдері тікелей келісімшарттар жасасуға және қазақстандық туристер есебінен клиенттік базаны кеңейтуге мүдделі екендіктерін атап өтті. «Біз Башқұртстан Республикасынан келдік. Клиенттік базамызды кеңейтіп, Қазақстанмен ынтымақтастық орнатқымыз келеді.…

Read More

CaspianLife, 22 сәуір. ҚазТрансОйл АҚ Марлен Жақсылықұлы Төлегеновтің Батум мұнай терминалы ЖШҚ бас директоры болып тағайындалғанын хабарлады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Марлен Төлегенов Атырау мұнай және газ институтын «газ-мұнай құбырлары мен қоймаларын жобалау, салу және пайдалану бойынша инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. ҚазТрансОйл жүйесінде 25 жылдан астам еңбек еткен ол әр жылдары Атырау және Маңғыстау мұнай құбыры басқармаларында бас инженер, Атырау мұнай құбыры басқармасы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары, мұнай құбыры басқармасының басшысы, сондай-ақ компанияның орталық аппаратында пайдалану департаментінің директоры қызметтерін атқарған. «Оның басшылығымен магистральдық құбырлардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысы қамтамасыз етіліп, өндірістік үдерістердің тиімділігі артты», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Батум…

Read More

Caspianlife, 22 сәуір. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) газ-химия кешені 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап 1 млн тонна полипропилен жөнелтті. «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша KPI полипропилен өндірісін 2024 жылмен салыстырғанда 50%-дан астамға арттырып, нық өсім көрсетті. Кәсіпорын 186,6 мың тонна өнім шығарды (ҚМГ үлесіне тиесілі). Ішкі нарықта полипропилен саудасы 71,3%-ға, ал экспортқа шығарылатын өнім көлемі 44%-ға артты. KPI отандық өндірушілерді қолдау аясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік қоймалар желісінің құрылуы логистикалық шығындарды барынша азайтуға және отандық өңдеушілердің сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік берді. Компанияның барлық алаңдарынан (Атыраудағы зауыт қоймасын…

Read More

CaspianLife, 21 сәуір. Бұл туралы бүгін халықаралық ірі ақпараттық агенттіктердің бірі Рейтер хабарлады. «Ресей 1 мамырдан бастап «Достық»  мұнай құбыры арқылы Қазақстан мұнайының Германияға транзитін тоқтатады. Бұл туралы Рейтер агенттігіне саладағы үш дереккөз мәлімдеді. Олардың мәліметінше, қазақстандық тарап Ресейдің «Транснефть» көлік монополиясынан тиісті жазбаша хабарлама алған», — деп жазады Рейтер. Ары қарай «Достық» құбыры арқылы мұнай жеткізу Қазақстанға экспорт үшін Ресей порттарын пайдаланбауға мүмкіндік беретіні түсіндіріледі. Себебі Батыс санкцияларына байланысты Ресей порттарында сауда экономикасы төмендеген, ал терминалдардың инфрақұрылымы дрондар шабуылына ұшырап жатыр. Қазақстан мұнайы Өзен-Атырау-Самара магистральдық мұнай құбырымен, одан әрі «Транснефть» жүйесі арқылы Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ)…

Read More

Caspianlife, 21 сәуір.  Облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 18–35 жас аралығындағы азаматтарға арналған «Сенің бастамаң» гранттық жобасының бірінші кезеңіне өтінім қабылдау басталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жобаның негізгі мақсаты – волонтер жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын қолдау және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Бағдарлама аясында 10 жас волонтерге өз идеяларын іске асыру үшін әрқайсысына 300 мың теңге көлемінде грант қарастырылған. Жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Сағидоллаеваның айтуынша, мұндай бастамалар жастардың белсенділігін арттырып, олардың қоғам өміріне белсене араласуына жол ашады. Сондай-ақ алдағы уақытта да әлеуметтік жобаларды қолдау жұмыстары жалғасын…

Read More

Caspianlife, 21 сәуір. Батыс аймақтың үш өңірінде – Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір тәулік ішінде «Атырау — Орал» тас жолында полиция қызметкерлері үш көлікті тоқтатқан. «Атап айтқанда, Чапаев ауылының маңында LADA Largus автокөлігі тоқтатылып, оның жүргізушісі тиісті құжаттарсыз 273,5 келі балық (табан, сазан, шортан) тасымалдағаны анықталды. Шағатай ауылының маңында ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Одан 10 келіге жуық бекіре тұқымдас балық және 125 дана өзге балық түрлері (табан, сазан) табылды, оның да тиісті құжаттары болмаған. Сонымен қатар, «УАЗ» автокөлігі де тоқтатылды. Тексеру барысында 28,5 келі балық пен…

Read More

Caspianlife, 20 сәуір. Мекке әл-Мүкаррама өңіріндегі Сыртқы істер министрлігінің филиалы Қажылық маусымының басталуына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) хабарлауынша, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құлшылық рәсімдерін тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында енгізіліп отыр. Негізгі талаптар: 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Nusuk» платформасы арқылы Ұмра құлшылығын өтеуге рұқсат беру уақытша тоқтатылды. 2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына кіруге және онда болуға қажылыққа арналған арнайы визадан басқа визалардың барлық түрлерін иеленушілерге тыйым салынады. Билік өкілдері аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы Корольдігінің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді. Сауд…

Read More

Caspianlife, 20 сәуір. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды. Жиында Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды. Премьер-министрдің баспасөз қызметі ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлағандай, жыл сайын жол-көлік оқиғаларында шамамен 40 мың адам жарақат алады, ал қаза тапқандар саны 2,5 мыңға жуықтайды. 2025 жылы елдегі жолдағы өлім-жітім 10%-ға төмендесе, 2026 жылдың басынан бері 4%-ға азайған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтуынша, жол апаттарының негізгі себептері – жүргізушілердің тәртіп деңгейінің төмендігі, жол инфрақұрылымының жағдайы (әсіресе қыс мезгілінде) және көліктердің техникалық жай-күйі. Орташа жылдамдықты бақылау жүйелері жеткіліксіз қамтылған.…

Read More

Caspianlife, 20 сәуір. Оқиға кеше, 19 сәуір күні сағат 15:10 шамасында Астрахан – Красный Яр – Қазақстан шекарасы тас жолының 42-шақырымында, Краснояр ауданы аумағында болған. Астрахан өңірінің «Каспий Инфо» жаңалықтар порталының мәліметінше, «Toyota» көлігін басқарған 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, көлік аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы – 37 жастағы әйел және төрт жасар бала зардап шекті. «Краснояр ауданының мемлекеттік автоинспекциясы тексеру жүргізіп жатыр. Зардап шеккендердің барлығы Қазақстан азаматтары», — деп хабарлады Астрахан полициясының баспасөз қызметі.

Read More