Caspianlife, 20 сәуір. Оқиға кеше, 19 сәуір күні сағат 15:10 шамасында Астрахан – Красный Яр – Қазақстан шекарасы тас жолының 42-шақырымында, Краснояр ауданы аумағында болған.
Астрахан өңірінің «Каспий Инфо» жаңалықтар порталының мәліметінше, «Toyota» көлігін басқарған 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, көлік аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы – 37 жастағы әйел және төрт жасар бала зардап шекті.
«Краснояр ауданының мемлекеттік автоинспекциясы тексеру жүргізіп жатыр. Зардап шеккендердің барлығы Қазақстан азаматтары», — деп хабарлады Астрахан полициясының баспасөз қызметі.

