Caspianlife, 20 сәуір. Мекке әл-Мүкаррама өңіріндегі Сыртқы істер министрлігінің филиалы Қажылық маусымының басталуына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) хабарлауынша, қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құлшылық рәсімдерін тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Негізгі талаптар:
-
2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Nusuk» платформасы арқылы Ұмра құлшылығын өтеуге рұқсат беру уақытша тоқтатылды.
-
2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына кіруге және онда болуға қажылыққа арналған арнайы визадан басқа визалардың барлық түрлерін иеленушілерге тыйым салынады.
Билік өкілдері аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы Корольдігінің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеді. Сауд Арабиясының құзыретті органдары барлық азаматтарды, соның ішінде шетелдіктерді қажылық маусымын қауіпсіз және ұйымдасқан түрде өткізу үшін бекітілген тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

