Caspianlife, 17 сәуір. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау жаңа халықаралық бағытының ашылғанын хабарлады.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер 6 маусымнан басталып, 29 тамызға дейін жалғасады. Ұшулар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Кесте жолаушылар үшін қолайлы уақытты ескере отырып жасалған. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те жетеді. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та келеді. Барлық уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.
Бір бағыттағы билет құны 41 000 теңгеден басталады*.
Әуе билеттері FlyArystan-ның мобильді қосымшасында, ресми сайтында және басқа да сату арналары арқылы қолжетімді. Стандартты тарифке ұшақтағы кездейсоқ орын және салмағы 7 кг-ға дейінгі (өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын) бір дана қол жүгі кіреді.
Баға валюта бағамының өзгеруіне байланысты аздап өзгеруі мүмкін.

