CaspianLife. 11 қараша. Атырау қаласы әкімінің тиісті өкімімен орынбасар лауазымына Айдулат Кенжебеков кірісті.
Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған. Кейін осы басқармада бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019–2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Айдулат Кенжебеков шахар басшысының орынбасары болған Мейіржан Мұқасовтың орнына келді.

