Caspianlife, 27 сәуір. Биыл наурызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке дерегін заңсыз жинап, таратты деген күдіктілерді әшкереледі.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.
«Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ, жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді», — деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

