Caspianlife, 5 мамыр. Атырау облысында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында браконьерліктің жолын кесуге, сондай-ақ бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің заңсыз айналымын анықтауға бағытталған «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, — деп хабарлайды Caspian Life. Операция аясында балық қорғау инспекциясымен бірлескен мобильді топтар құрылды. Олар Каспий теңізінің айдынында — Еркінқала ауылының тұсында, Жайық өзеніндегі «Пешной» бекетінде балықты заңсыз аулауды бақылап, тыйым салуда. Сондай-ақ Еркінқала, Дамба және Алғабас елді мекендерінің айналма жолдарында қадағалау күшейтілді. Ағымдағы мәліметтер бойынша, шара басталғалы бері балық өнімдері айналымы саласында 152 құқық бұзушылық тіркелді. 7 факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 мамыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы зауыт жарылысына байланысты бірқатар тапсырма берді. 7 мамыр, сейсенбідегі үкімет отырысы «Қазмырыш» компаниясының Өскемендегі зауытындағы өртті талқылаумен басталды. «Мен таңертең Өскемендегі жарылысқа қатысты қажетті тапсырмалар бердім. Төтенше жағдайлар, сонымен бірге экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шара қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді Бектенов. Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда таңертең Өскемен қаласында «Қазмырыш» компаниясының металл балқыту зауыты өртенді. Әзірге тоғыз адам зардап шеккені мәлім. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
CaspianLife, 5 мамыр. Өскемен қаласындағы «Казцинк» аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиға шаң ұстау цехында болған. Шаң ұстау құрылғысынан шыққан газ-ауа қоспасының әсерінен жарылыс тіркеліп, кейін ғимарат ішінара опырылған. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті қысқа уақытта оқшаулаған. Қазір құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеу, өрт ошақтарын толық сөндіру және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз адам медициналық мекемеге жеткізілген. «Өрт сөндірушілер жалынды толық тоқтатып, зақымданған конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына кинологтар арнайы үйретілген иттермен тартылған. Құтқарушылар қирандыларды мұқият…
CaspianLife, 4 мамыр. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы мамыр айындағы мерекелерге байланысты жолаушылар ағынының артуына орай қосымша вагондар тіркеуді жоспарлап отыр. 6-11 мамыр аралығында 175 қосымша тіркеме вагон келесі бағыттар бойынша қатынайды (Ресей қалаларын қоса алғанда): • Астана мен Алматы; • Новосибирск және Саратов; • Павлодар, Түркістан және Атырау; • Пресногорьковская, Семей және Петропавл; • Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау; • Қазалы, Жезқазған және Сарыағаш; • Өскемен, Қарағанды және Балқаш. Бұл шара мереке күндері жолға шығатын 16 мыңнан астам жолаушыны қосымша орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
CaspianLife, 4 мамыр. Астана қаласында өткен пенчак силаттан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ақтаулық оқушы Күмісбай Жалын жүлделі ІІ орынды иеленді. Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, аталған жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің ұйымдастыруымен өтті. Елдің әр өңірінен жиналған жас спортшылар бақ сынаған додада Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Күмісбай Жалын бүгінде Ақтау қаласындағы «Kazikhanov team» спорт үйірмесінде жаттығады. Бұл оның кәсіби тұрғыда шыңдалып, жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуіне мүмкіндік беріп отыр. Сынып жетекшісі Әсем Сабырованың айтуынша, Жалын бала кезінен спортқа жақын. Ол жаттығуларын…
CaspianLife, 4 мамыр. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары, гранттары және Алғысына үміткерлерді ұсыну басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады. Ұсынымдарды БАҚ ұйымдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдар жолдай алады. Әр ұйым сыйлықтар мен гранттарға екі үміткерден артық ұсына алмайды. Ал өзін-өзі ұсынуға рұқсат етілмейді. Гранттар 35 жасқа дейінгі жас журналистерге беріледі. Ал грант иегерлері сыйлыққа кемінде бес жылдан кейін ғана ұсыныла алады. Үміткерлерді ұсыну үшін ресми бланкіде жазылған ұсыным (А4 форматта, 2 беттен аспайтын) және оған қоса бірқатар құжаттар тапсырылады. Олардың қатарында жеке деректер, жұмыс орнынан анықтама, жеке куәлік…
CaspianLife, 4 мамыр. Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш «ӨзенИнвест» МКК су тазарту имаратының және бірқатар коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған деректерге сәйкес, бүгінде Жаңаөзенде 154,3 мың адам тұрады. Халық санының артуына байланысты ауыз суға деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта қалада сыйымдылығы 60 мың текше метр болатын су қоймасы жұмыс істейді. Ал тұрғындарды сумен толық қамту мақсатында өткен жылы көлемі 30 мың текше метр болатын қосымша резервуар құрылысы басталған. Бас инженер Мерген Қапарбаевтың айтуынша, қаладағы су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы 718 шақырымды құрайды, оның шамамен 30 пайызы тозған. Кәріз суын тазарту имараты…
Caspianlife, 30 сәуір. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесін қайта қарау себептерін түсіндірді. Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, зейнетақы жинақтары ең алдымен адам зейнетке шыққаннан кейінгі тұрақты табыс көзі болуы тиіс. Бұл қаражатты кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит ретінде қарастыруға болмайды. Әсіресе, болашақ зейнетақысы мемлекеттен төленетін базалық төлем мен өздерінің жинақтарына негізделетін жас қазақстандықтар үшін бұл қаржыны сақтау аса маңызды. Қазіргі қолданыстағы әдістеме жинақтың жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алуға мүмкіндік береді. Алайда ол көбіне «мінсіз» сценарийге негізделген: яғни азамат тұрақты түрде міндетті зейнетақы жарналарын аударып, зейнет…
CaspianLife, 30 сәуір. Сенаторлар «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілген даулы түзетулерді Мәжіліске қайтаруды ұсынып отыр. Бұл туралы Telegram-да ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді. Оның айтуынша, заң Сенатқа түскен сәттен бастап жұмыс тобының бес отырысы өтіп, азаматтардан 300-ден астам өтініш түскен. Талқылауға сенаторлар, мемлекеттік орган өкілдері, зооқорғаушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Өңір өкілдері де қаңғыбас жануарларға қатысты жағдайға үлкен алаңдаушылық білдірген. «Жақында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында Мемлекет басшысы нақты ұстанымын білдірді: қаңғыбас жануарлар мәселесі — адамдардың немқұрайлылығының салдары. Жануарларды дұрыс ұстамағаны және оларға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілік күшейтілуі тиіс. Президент бұл мәселенің асқынып кеткенін, балалар мен…
CaspianLife, 30 сәуір. Қазақстан Қашаған кен орны газын өңдеудің жаңа мүмкіндіктерін халықаралық серіктестермен бірлесіп қарастыруда. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Air Products компаниясының Еуропа және Африка бойынша президенті Ива Болспен кездесу өткізді. Тараптар мұнай-газ және мұнай-химия салаларындағы инвестициялық жоспарлар мен ықтимал жобаларды талқылады. Кездесу барысында ілеспе газды өңдеу бастамаларына ерекше назар аударылды. Энергетика министрлігінде газ саласын дамыту мен ресурстық базаның тұрақтылығы стратегиялық басымдықтар екені атап өтілді. Осы тұрғыда Қашаған кен орнындағы газды тиімді пайдалану, әсіресе ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз ету маңызды. «Сонымен қатар 2025 жылдан бері Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC пен Air Products арасында жүргізіліп жатқан келіссөздер талқыланды. Әңгіме…
