Ұсынымдарды БАҚ ұйымдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік органдар жолдай алады. Әр ұйым сыйлықтар мен гранттарға екі үміткерден артық ұсына алмайды. Ал өзін-өзі ұсынуға рұқсат етілмейді.
Гранттар 35 жасқа дейінгі жас журналистерге беріледі. Ал грант иегерлері сыйлыққа кемінде бес жылдан кейін ғана ұсыныла алады.
Үміткерлерді ұсыну үшін ресми бланкіде жазылған ұсыным (А4 форматта, 2 беттен аспайтын) және оған қоса бірқатар құжаттар тапсырылады. Олардың қатарында жеке деректер, жұмыс орнынан анықтама, жеке куәлік көшірмесі, шығармашылық қызметіне қысқаша сипаттама, негізгі жарияланымдар мен материалдар тізімі болуы тиіс.
Қарауға 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар ғана қабылданады. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды, ал кітаптар конкурс материалдары ретінде қарастырылмайды.
Ұсынымдар Аслан Смадияров атына 2026 жылғы 10 маусымға дейін Астана қаласындағы Ақорда резиденциясына жолдануы қажет. Құжаттарды пошта арқылы немесе «Үкімет үйі» ғимаратында орналасқан Президент Әкімшілігі арқылы тапсыруға болады. Мемлекеттік органдар үшін өтінімдер электронды форматта қабылданады.
Толық ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (7172) 74-45-83, 74-41-34, 74-40-51.