Caspianlife, 29 сәуір. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нариман Акбаров тағайындалды.
Ол Ұлттық ұлан жүйесінде 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында түрлі жауапты лауазымдарды атқарып, өзін білікті әрі кәсіби басшы ретінде көрсетті.
«Айбын» орденінің II дәрежесімен және бірқатар наградалармен марапатталған. 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы қызметін атқарған.

