CaspianLife, 8 мамыр. Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонның Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды.
«Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern колледжін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты. Құтты болсын» — деп жазды кәсіпкер Қанат Көпбаев.
Айта кетейік, Сент-Джеймс ақсүйектер ауданы деген атауға да ие. Ол — Лондонның қақ ортасында орналасқан беделді аудан.

