Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 28 мамыр. Атырау мен Мақат ауданында су тарифі шілде айынан бастап қымбаттауы мүмкін. «Атырау облысы Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны ауыз су мен су бұру қызметтерінің тарифін көтеруді ұсынды. Бұл туралы қоғамдық тыңдауда айтылды. Тарифті өзгерту туралы түпкілікті шешімді Табиғи монополияларды реттеу департаменті маусым айының басында қабылдайды. Егер ұсыныс мақұлданса, жаңа тарифтер шілде айынан бастап күшіне енеді. Жобаға сәйкес, жеке тұлғалар үшін ауыз судың бір текше метрі 99 теңгеден 110 теңгеге дейін қымбаттайды. Ал заңды тұлғалар үшін тариф 394 теңгеден 493 теңгеге дейін өседі. Сонымен қатар кәсіпорындар үшін су бұру қызметінің бағасын 208 теңгеден 337 теңгеге дейін, яғни 62 пайызға…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр. Қызылқоға ауданында бүтін бір отбасының өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Іс бойынша басты күдікті Сұлтан Сәрсемалиев сот алдында жауап беріп, қайынағасы Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты өз нұсқасын айтты. Сот отырысында айыпталушы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірмегенін, оқиға өзін-өзі қорғау барысында болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, арада жанжал туындап, марқұмның арандатушылық әрекетінен кейін абайсызда қылмыс орын алған. Сұлтан Сәрсемалиев отбасындағы келіспеушіліктердің жұбайы Ақбаянның денсаулығына байланысты өршігенін де айтты. Оның сөзінше, 2024 жылдың шілде айында жұбайы инфекциялық ауруханаға түскен кезде, ата-енесі өзін қасына жібермеген. Айыпталушы бұл жағдайды екі отбасы арасындағы араздықтың…

Read More

CaspianLife, 26 Мамыр. Ақтөбеде ескі гараждар маңынан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды. Қазіргі уақытта сәби дәрігерлердің бақылауында, ал полиция оның анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Оқиға қаланың Тұрғындар қалашығы ауданында болған. Тұрғындардың айтуынша, ағаш түбінде жатқан күмәнді пакетті сол маңнан өтіп бара жатқан 11 жастағы қыз байқап қалған. Ол бірден ата-анасына хабар берген. Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем шақырылған. Жергілікті тұрғын Любовь Щестакованың айтуынша, нәресте алдымен ақ пакетке салынып, кейін сыртынан қара пакетпен оралып, байланған күйде жатқан. Дәрігерлер сәбидің жағдайын тұрақтандыру үшін шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары…

Read More

Caspianlife, 25 мамыр. Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтаса, оның 215 мыңы – мектеп бітіруші түлектер. Сонымен қатар 31 мыңнан астам 9-сынып оқушысы мен 18 мың 11-сынып түлегі үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Биыл түлектер кеші алғаш рет тек мектеп қабырғасында өткізіледі. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мерекелік іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында және табиғат аясында өткізуге тыйым салды. Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық беруге, автокеруен ұйымдастыруға және ивент-агенттіктердің қызметін пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұл шектеулер қоғамда түрлі пікір туғызды. Кейбір ата-аналар мұны жеке өмірге араласу деп санайды. Олардың пікірінше,…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр. Атырауда 63 жастағы ер адам интернет-алаяқтарға өзінің банктік шотын пайдалануға бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың күзінде ол әлеуметтік желіде жалған инвестициялық жоба туралы жарнаманы көріп, жеке деректерін қалдырған. Кейін өздерін қаржы ұйымының қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдар азаматты ақша операцияларын жүргізу үшін банктік шот ашуға көндірген. 2025 жылғы 18 қарашада оның шотына интернет-алаяқтардың құрбаны болған Ақтөбе қаласының тұрғынынан 300 мың теңге аударылған. Ер адам түскен қаражаттың бір бөлігін сыйақы ретінде өзінде қалдырып, қалған соманы алаяқтар көрсеткен басқа шоттарға жіберген. Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол бұған дейін өзі де…

Read More

Caspianlife, 25 мамыр. Атырау қаласының №2 соты жануарға қатыгездікпен қарау дерегі бойынша қылмыстық істі қарап, сотталушыны қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды. Соттың мәліметінше, Л.Т. есімді азамат орта дәрежедегі масаң күйде өзінің ауласында «Герда» атты итті күрекпен бірнеше рет ұрып, жануарға дене жарақатын келтірген. Іс материалдарына сәйкес, келтірілген соққылар салдарынан иттің денесінде гематомалар, жұмсақ тіндердің ісінуі және әртүрлі анатомиялық аймақтарында ауырсыну белгілері анықталған. Мамандар жануардың жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалаған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған. Атырау қаласының №2 сотының хабарлауынша, бұл іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған. Аталған бапта айыппұл салу, түзеу…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр. Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында өздерінің шағын Эйфель мұнарасы пайда болды. Биіктігі шамамен 30-40 метр болатын нысанды ауылға жергілікті мектептің 2006 жылғы түлектері сыйға тартқан. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл нысанды «ауылдың жаңа көрікті орны» деп атап, Париждің атмосферасын сезіну үшін енді Францияға барудың қажеті жоқ деп әзілдеуде. Көпшілік мұнараның әсіресе кешкі уақытта жарық шамдарының арқасында ерекше әдемі көрінетінін айтып жатыр. Жалпақтал ауылы Орал қаласынан шамамен 300 шақырым жерде орналасқан. Ауылда соңғы 10 жылдан бері жақсы дәстүр қалыптасқан: мектеп бітіргендер мерейтойлық кездесулерінде туған ауылына ірі сыйлық жасап келеді. Осы уақыт ішінде мұнда саябақтар, балалар ойын алаңдары, мүсіндер мен…

Read More

Caspianlife, 25 мамыр. Парижде өткен Жануарлар денсаулығын қорғау бүкіләлемдік ұйымының (WOAH) 93-ші сессиясында мүше 183 елдің барлығы Қазақстанды ресми түрде вакцинациялау жүргізілетін аусыл ауруынан аман (таза) аймақ деп таныды. Тиісті сертификат қазақстандық делегацияға 22 мамырда табысталды. Қазақстан Орталық және Шығыс Азияда бүкіл аумағы осындай мәртебеге ие болған жалғыз ел атанды. Еліміз аусылдан бөлек, жыл сайын жылқының африкалық обасы мен шошқаның классикалық обасы бойынша тұрақтылықты растап келеді, сондай-ақ құстың жоғары патогенді тұмауы мен шошқаның африкалық обасы бойынша өзін-өзі декларациялау деңгейін сақтап отыр. Жаңа мәртебе шетелдік серіктестердің сенімін нығайтып, қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл мәртебені алу бағытындағы жұмыстар 2024…

Read More

Caspianlife, 25 мамыр. Атырау облысында 2025-2026 оқу жылы аяқталып, барлық білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау мерекесі өтті. Биыл өңірдегі мыңдаған оқушы үшін кезекті оқу жылы қорытындыланса, 8 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Облыстық білім беру саласының мәліметінше, биыл Атырау облысындағы 235 орта білім беру ұйымында 154 мыңға жуық оқушы білім алды. Оның ішінде 79 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4 мыңнан астамы орыс тілінде, ал 56 мыңнан астамы аралас тілде оқыды. Оқу жылын қорытындылау кезеңінде 9-сыныпты 13 906 оқушы тәмамдаса, 11-сыныпты 8 042 түлек аяқтады. Сонымен қатар 252 оқушы «Алтын белгіге», ал 445 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер…

Read More

CaspianLife, 25 мамыр. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында жер асты су көздерінен табиғи ауыз су өндіретін «Тетис» зауытының ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жаңа кәсіпорын тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. «Тетис» суы жер асты көздерінен алынып, ультракүлгін сәуле арқылы залалсыздандырылады. Өнімнің сапасы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Су заманауи технологиялармен өңделіп, тұтынушыларға ішуге және тағам әзірлеуге арналған сапалы өнім ретінде ұсынылады. Қазіргі уақытта зауытта 15-тен астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның іске қосылуы аудан экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасап отыр. Салтанатты шараға қатысқан Түпқараған ауданының әкімі…

Read More