Caspianlife, 8 маусым. Ақтөбе облысы «жасыл» энергетика саласындағы әлеуетін нығайтуды жалғастыруда. Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2026 жылдың мамыр айында италиялық Plenitude Kazakhstan компаниясы ҚР Энергетика министрлігі өткізген қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі аукционның жеңімпазы атанды. Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін жылына шамамен 400 ГВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру 2026–2028 жылдарға белгіленген және түпкілікті инвестициялық шешім қабылданғаннан кейін басталады. Бұл – италиялық энергетикалық алпауыт Eni компаниясының өңірдегі екінші ірі жобасы. Алғашқысы Ақтөбе облысындағы Бадамша ауылы маңында салынған жел электр станциясы болды. Бұл Eni компаниясының жел энергетикасындағы алғашқы инвестициясы әрі Қазақстан нарығындағы алғашқы…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 8 маусым. Томас Лен мен Констанца Кюхнель Мюнхенде 22 жылдан бері бірге тұрады. Соңғы 14 жылда олардың баспанасы алып автотрейлерге айналған. Осы уақыт ішінде ерлі-зайыптылар 70 елді аралап шыққан. Әсіресе, Орталық Азия өңіріне ерекше қызығушылық танытады. Қазақстанға олар үшінші рет келіп отыр. Германиядан Атырауға дейінгі жолға шамамен екі ай уақыт кеткен. – Біз сіздердің қалаларыңызды қатты ұнаттық. Таңертең жағалауда серуендеп, Атырау қаласының орталығындағы көрікті жерлерді араладық. Жергілікті тұрғындардың қонақжайлығы мен табиғаты бізді тәнті етті, – дейді Констанца Кюхнель. Қазір саяхатшылар ұзақ сапардан кейін демалып жатыр. Томас бұрын құрылыс материалдарын сатумен айналысса, Констанца оптика дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Балалары…
CaspianLife, 8 маусым. Әлемдегі табиғат тақырыбындағы контентті насихаттайтын ең танымал әлеуметтік желі парақшаларының бірі — Earth (@earth) аккаунты Маңғыстау өңірінің бірегей табиғи ландшафттарын жариялап, Қазақстанның табиғи мұрасына халықаралық аудиторияның назарын аударды. Парақшаның аудиториясы бүгінде 7,2 миллионнан астам жазылушыны құрайды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Пікір білдірген көптеген оқырмандар таңғажайып табиғи көріністердің Қазақстан аумағында орналасқанына назар аударып, Маңғыстаудың ерекше табиғатына тәнті болғандарын жазған. Постта өңірдегі қызыл түсті жер бедерінің қалыптасу ерекшеліктері туралы да айтылған. Мамандардың түсіндіруінше, тау жыныстарының қызыл түске боялуына олардың құрамындағы темір минералдары әсер етеді. Олардың бойындағы ақшыл жолақтар мен сақиналар…
CaspianLife, 8 маусым. Атырау облысында балалардың жазғы демалыс инфрақұрылымын айтарлықтай кеңейту жоспарланып отыр. Өңірде үш жаңа сауықтыру лагері салынады. Алғашқысы – Махамбет ауданындағы бұрынғы Президент резиденциясының базасында ашылатын 200 орындық «Жас дарын» лагері. Оны 2027 жылы пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында әрқайсысы 300 орындық екі лагерьдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Егер барлық жоба жүзеге асса, өңірде жыл сайын 10 мыңнан астам баланы жазғы демалыспен қамту мүмкіндігі туады. Бұл жоспарлар облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды. Жиында биыл Атырау облысындағы 147 мың оқушының 95 пайызы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен…
Caspianlife, 8 маусым. Кендірліде жаңа визит орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Орталық барлық экологиялық талаптарды әрі тұрақты туризм принциптерін ескере отырып салынатын болады. Жобаны «PanaAsia» компаниясы жасақтаған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Орталық құрылысы 2026 жылдың соңғы шенінде аяқталады деп жоспарланған. Жобаның мақсаты – туристерге қолайлы әрі жайлы кеңістік қалыптастыру. Оған қоса, қоршаған ортаны мейлінше ұқыпты пайдалану көзделеді. Орталық қонақтарға аймақтың ерекше табиғатымен толығырақ танысуға жол ашып, көшпенділердің дәстүрлі мәдениетінің рухын сезінуге мүмкіндік береді. Жоба аясында этно-кофехана, глэмпинг салынады. Нысандардың ішкі жасауы ұлттық дизайн нақыштарымен көмкеріледі. Олар жаңа технологиялармен үндесіп, туристердің жайлы әрі экологиялық қауіпсіз қоныстануына жағдай жасайды. Орталық жиналмалы жеңіл конструкциялардан…
Caspianlife, 5 маусым. Атырау облысының прокуратурасы Атырау қаласында 600 орындық жекеменшік мектеп салып жатқан NURORDA мектеп-лицейі ЖШС-нің құқықтарын қорғады. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Прокуратураның араласуына қала әкімдігінің инвесторға көлемі 1,5 гектар жер учаскесін беруден негізсіз бас тартуы себеп болған. Бұған дейін Өңірлік үйлестіру кеңесі аталған жобаны инвестициялық жоба деп танып, оң шешім шығарған болатын. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, инвесторға қажетті жер телімі берілді. Соның арқасында мектеп құрылысы қайта жанданды. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыстық прокуратура әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (701) 066-77-22, 8 (778) 555-77-24 нөмірлері немесе…
CaspianLife, 5 маусым. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Атырау облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мәліметінше, соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның жартысына жуығы – 17 млрд текше метрден астамы 2024 жылғы ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері теңізге 6,16 млрд текше метр су бағытталған. Министрлік жаңа Су кодексін іске асыру аясында елдегі өнеркәсіп кәсіпорындарын түгендеу жұмыстарын аяқтады. Құжатқа сәйкес, кәсіпорындар суды қайта пайдалану жүйесіне көшу бойынша бес жылдық жоспар әзірлеп, қолданыстағы жүйелерін жаңғыртуы тиіс. Қазіргі…
CaspianLife, 4 маусым. Ақтөбе қалалық соты жергілікті 35 жастағы тұрғынды 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған әлеуметтік желідегі тікелей эфирде домбыра тартуды «харам» деп атап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін қорлағаны себеп болды. Сот оны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі – діни алауыздықты қоздыру бойынша кінәлі деп таныды. Сотталған азамат жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Аталған жазба әлеуметтік желілерде кең тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан халқынан кешірім сұрады.
CaspianLife, 4 маусым. Мемлекеттік рәміздер күніне орай атыраулық ескек есу спортшылары ерекше патриоттық акция ұйымдастырды. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Мереке күні Жайық өзеніне шыққан спортшылар қайықтарына Қазақстанның Мемлекеттік туын орнатып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Су бетінде желбіреген көк байрақтар тұрғындардың назарын аударып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ескек есу спортының бапкері Данияр Бекшоиннің айтуынша, ұлттық рәміздер – мемлекеттің ең маңызды құндылықтарының бірі. – Ұлттық рәміздер – еліміздің коды әрі мемлекетіміздің төлқұжаты іспетті. Сондықтан мұндай патриоттық шараларды жиі өткізу қажет, – дейді ол. Қазіргі таңда Атырауда ескек есу спортымен 100-ге жуық жас тұрақты түрде айналысады. Жыл басынан бері спортшылар үш…
Caspianlife, 4 маусым. Ақтау қаласындағы дүкендердің бірінен дәрі-дәрмектерді заңсыз сату дерегі анықталды. Тексеру нәтижесінде Қазақстанда тіркелмеген 200-ден астам түрлі дәрілік препарат тәркіленді. Олардың жалпы құны 2–2,5 миллион теңгені құраған. Тексеруге жергілікті тұрғынның арызы негіз болған. Осыдан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тексеру жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Белгілі болғандай, кәсіпкердің фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаған. Сондай-ақ сатылымда тұрған барлық дәрілік заттар Түркия мен Ресейден Қазақстанда міндетті тіркеуден өтпей әкелінген. – Департаментке Ақтау қаласының тұрғынынан арыз түсті. Тексеру барысында анықталған дәрі-дәрмектердің Қазақстанда тіркелмегені белгілі болды. Олар Түркия мен Ресейден жеткізілген. Жалпы…
