CaspianLife, 16 маусым. Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге арнайы сапармен барып, жерлестерімен бірқатар кездесу өткізді.
Өнер иесін облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдады. Кездесу барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени бастамаларды талқылады. Димаш өзінің шығармашылық жоспарларымен бөліссе, облыс әкімі аймақта жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларды таныстырды. Асхат Шахаров ақтөбеліктердің әлемдік сахнада ел намысын асқақтатып жүрген жерлесінің жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті.
Сапар аясында әнші өзі білім алған оқу орындары мен балалық шағы өткен лагерьге барып, бұрынғы ұстаздарымен және жастармен кездесті.
Сондай-ақ жақын күндері Ақтөбе облысында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының түсірілімі басталатыны хабарланды.

