Атыраулық шаруалар алғашқы өнімді жинай бастады. Биыл облыс аумағындағы егістік көлемі 10 мың гектардан асты. Оның ішінде 675 га жерге картоп, 2500 га көкөніс, 1350 га бақша өнімдері, 5625 га мал азығы егілген. Қазір шаруалар ерте егілген көкөністерді жинап, саттыққа шығаруға дайындалып жатыр. Солардың бірі Махамбет ауданында орналасқан «Дастан» шаруа қожалығы. Мұнда мамандар 120 гектар алқапқа егілген картоп, тәтті бұрыш, баялды, қызанақ, қияр, орамжапырақ және басқа да бақша өнімдерін жинауға кірісіп кеткен. Айдос БАЙНИЯЗОВ, «Дастан» шаруа қожалығының агрономы — Әзірге көктемде ерте салған өнімдеріміз ерте пісетін сорттар қазір ғана жейтін өнімдер. Ал сақтайтын сорттарды күзде болады. Сол уақытта жинап бастаймыз.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife. 15 шілде. Абай орталығында мемқызметшілерге аралған «Цифрлық ортадағы қауіпсіздік» деген тақырыпта форум өтті. Мұнда интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары, кибергигиена және цифрлық қауіпсіздік қағидасы, есірткі жарнамасы мен есірткіге қатысты интернет-ресурстың зияны, оның алдын алу сынды мәселелер көтерілді. Іс-шараны ұйымдастырған Атырау қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің сөзінше, интернет-алаяқтардың құрбаны болған адам көп. Бірі инвестиция салам деп опық жесе, енді бірі есепшотын жалға берген. Осы жылдың 6 айында облыста шамамен 470-тен астам интернет-алаяқтық қылмысына қатысты іс тіркеліп, оның 95-тен астамы сотқа жолданған. Сондай-ақ, «Киберқадағалау» бағдарламасының көмегімен 3500 фишингтік сайт пен алаяқтардың жалған жарнамалары анықталып, бұғатталды. Дәурен МҰХАНБЕТӘЛИЕВ, Атырау облыстық…
CaspianLife. 15 шілде. Атырау облысындағы орташа номиналды жалақы 652 950 теңге. Яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3%-ға өскен. 2026-жылдың бірінші тоқсанын қорытындылаған жергілікті статистика департаментінің мамандары осындай ақпарат таратты. Түрлі саланы жеке дара айтсақ, ең көп жалақы алатындар өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Олардың айлығы шамамен — 1 530 648 теңге. Бұл облыстағы орташа көрсеткіштен 2,3 есе жоғары. Ал ең аз жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының қызметкерлерінде. Бар болғаны — 190 мың теңгеден сәл асады. Марал ҚҰЛШИЕВА, ҚР СЖжРА ҰСБ АОБ департаментінің бөлім басшысы — 2026 жылғы I тоқсанда 2025 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалақының өсімі облыстың барлық…
CaspianLife. 15 шілде. Атырау қаласында ит аулау жұмысы маусым айынан бері тоқтап тұр. Бұған кәсіпкер мен әкімдік арасындағы келісімшарттың жоқтығы себеп. Осы жылдың наурыз айынан бастап бұралқы иттерді аулау жұмысы қалалық әкімдікке берілген еді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы алғашында шартты тек үш айға жасаған. Ресми дерек бойынша, 90 күнде 3 мыңға жуық ит ауланып, көзі жойылған. Бүгінде жауаптылар істелген жұмыстың нәтижесі болып, қала аумағындағы бұралқы ит саны азайды деп отыр. Енді 12 млн 200 мың теңгеге тағы тендер жарияладық, оның қорытындысы ай соңына дейін белгілі болады деп сендірді шенеуніктер. Елтай АЙБАТОВ, Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын…
CaspianLife. 15 шілде. Атырау теміржол вокзалы биыл қазан айында қолданысқа беріледі. Жаңартылған соң вокзалдың аумағы 3745 шаршы метрден 5100-ге дейін ұлғаяды. Ал қосымша салынып жатқан нысан арқылы болашақта жолаушылар 2 және 4-ші жолға шыға алады. Ол үшін жол өткелі, эскалатор мен лифт салу жоспарланған. Ал 1-ші жолға шығатын перрон толықтай жаңартылмақ. Қайрат ТӨЛЕПОВ, «ҚТЖ» ҰК АҚ «Вокзал шаруашылығын жаңғырту дирекциясы» филиалының батыс өңірлік басқармасының басшысы — Біздер келісімшарт бойынша «Батыс Альянс Строй» мекемесімен былтыр қыркүйек айында отырдық. Содан бері демонтаждау жұмыстары жүрді. Мүгедек жандарға арналған арнайы бөлмелер, арнайы әжетханалар, арнайы лифттер қарастырылған. Сонымен қоса, ана мен бала бөлмесі де жолдан…
CaspianLife. 13 шілде. Осы жылдың маусым айында Атырау облысындағы халықтың саны 718 250-ге жетті. 393 727-і қалада, 324 523-і ауылдық жерде тұрады. Ұлттық статистика бюросы таратқан ресми мәлімет осылай дейді. Қалада тұратын жандардың үлесі 54,8%. 2026 жылдың басынан бері облыс халқының саны 0,3%-ға немесе 2179 адамға көбейген. Ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға немесе 4 175 адамға артты. Мәдина ҚҰРМАНБАЕВА, ҚР Ұлттық статистика бюросы АОФ бөлім басшысы Халықтың 355 806 – ер адамдар, 362 444 – әйел адамдар, немесе әйелдер халықтың 50,5%-ын құрайды. Ал былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім қарқыны 0,7% болып, халық саны 4 175 адамға көбейді.…
Елорданың инфрақұрылымын дамытуға үкімет резервінен 16,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Қомақты қаржы Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту үшін жұмсалмақ. Басым бөлігі кәріз жүйесін жаңғыртуға бағытталады. Ескі желілер жөнделеді. Соның арқасында жауын-шашын мен ағын су тиімді шығарылып, қаладағы тазарту нысандарының жұмысы жақсарады. Бұған 8,7 миллиард теңге жұмсалады. Ал 7,5 миллиард теңге энергетика саласына бағытталады. Астанада жаңа 110/20 киловольттық «Қарлығаш» қосалқы стансасы салынып, ЖЭО-2-дегі турбоагрегат жаңғыртылады. Турбинаның қуаты 80 мегаваттан 110 мегаватқа дейін ұлғаяды. Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, Астана қалалық Энергетика басқармасы бастығының орынбасары — Соның бірі Қарлығаш қосалқы стансасының құрЫлысы болып табылады. Аталған станса жаңа вокзал мен Тельман тұрғын алабы ауданын…
CaspianLife. 13 шілде. Батыс Қазақстан облысында дүкендер мен сауда нүктелерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын сақтауы бойынша тексеріс жүргізілді. Нәтиже көңіл көншітпейді: мамандар сатушылардың сауда үстемесін негізсіз өсірген 92 жағдайын анықтады. Бұдан бөлек, тауарларда баға көрсеткіштерінің (ценник) болмауы және заттың белгіленген бағасы мен кассада соғылған нақты бағасы арасындағы айырмашылықтар фактілері бойынша тоғыз әкімшілік іс қозғалды. Эльмира ҚИМАТОВА, БҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы «Анықталған ең ірі фактілер сауда желілеріне көкөніс жеткізу кезінде өте үлкен сауда үстемесінің қосылуымен байланысты. Бұл іске қатысты екі ірі көтерме саудагер жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сүт өнімдері, ет және басқа да азық-түлік түрлерін жеткізу…
CaspianLife, 13 шілде. Атырау облысында 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауын 9 аумақтық және 278 учаскелік сайлау комиссиясы ұйымдастырып, өткізеді, олардың құрамында 2 101 адам бар. Ағымдағы жылы облыс аумағында үздіксіз жұмыс істейтін өндірісті ұйымдарда, вахталық әдіспен еңбек ұйымдастырылған орындарда 2 жаңа сайлау учаскесі құрылды. Яғни, Атырау қаласындағы NCOC компаниясының «Болашақ» зауыты аумағында және Жылыой ауданы Прорва кен орнындағы «Каспий самалы» вахталық кентінде сайлау учаскелері ашылды. Сайлау науқанына дайындық Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүріп жатыр. СНХ: Әсия ҚЫСТАУБАЕВА, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Бір маңызды сәтке назар аударғым келеді. Заңнамаға сәйкес, әрбір сайлаушы сайлаушылар тізіміне енуге…
CaspianLife. 10 шілде. Маңғыстау облысы Полиция департаменті Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында болған қарулы жанжалға қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде адам өлтіруге оқталу бабы да бар. Полицияның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 9 шілдеде болған. Жастар арасындағы жанжал салдарынан екі ер адам ауыр оқ жарақатын алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі зардап шеккен екі азаматтың да дәрігерлердің бақылауында екенін және қажетті ем қабылдап жатқанын хабарлады. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық қатысушыларын анықтап, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. – Аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды…
