Абай орталығында мемқызметшілерге аралған «Цифрлық ортадағы қауіпсіздік» деген тақырыпта форум өтті. Мұнда интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары, кибергигиена және цифрлық қауіпсіздік қағидасы, есірткі жарнамасы мен есірткіге қатысты интернет-ресурстың зияны, оның алдын алу сынды мәселелер көтерілді. Іс-шараны ұйымдастырған Атырау қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің сөзінше, интернет-алаяқтардың құрбаны болған адам көп. Бірі инвестиция салам деп опық жесе, енді бірі есепшотын жалға берген. Осы жылдың 6 айында облыста шамамен 470-тен астам интернет-алаяқтық қылмысына қатысты іс тіркеліп, оның 95-тен астамы сотқа жолданған. Сондай-ақ, «Киберқадағалау» бағдарламасының көмегімен 3500 фишингтік сайт пен алаяқтардың жалған жарнамалары анықталып, бұғатталды.
Дәурен МҰХАНБЕТӘЛИЕВ, Атырау облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі
— Қазіргі таңда алаяқтықтың түрлері өте көп. Ең жиі кездесетіні инвестицияға қатысты, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру, ҰҚК адамы болып бейнезвонокпен соғып адамдардың қаражатын жымқырып жатыр. Одан әрмен дропперлік бар.Өздерінің жеке шоттарын жеңіл ақша табу үшін,олайн жұмыс дееп сатып жатыр.Сол бойынша түсіндірме жұмыстарын жасаймын.
Жиын барысында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жайы да айтылды. Жыл басынан бері облыста есірткімен байланысты 74 құқық бұзушылық, оның ішінде 50 қылмыс тіркелген. Ал заңсыз айналымнан жалпы салмағы 24 кг. астам әртүрлі есірткі тәркіленді.
Жарқынай Қанатова

