CaspianLife. 15 шілде. Атырау теміржол вокзалы биыл қазан айында қолданысқа беріледі. Жаңартылған соң вокзалдың аумағы 3745 шаршы метрден 5100-ге дейін ұлғаяды. Ал қосымша салынып жатқан нысан арқылы болашақта жолаушылар 2 және 4-ші жолға шыға алады. Ол үшін жол өткелі, эскалатор мен лифт салу жоспарланған. Ал 1-ші жолға шығатын перрон толықтай жаңартылмақ.
Қайрат ТӨЛЕПОВ, «ҚТЖ» ҰК АҚ «Вокзал шаруашылығын жаңғырту дирекциясы» филиалының батыс өңірлік басқармасының басшысы
— Біздер келісімшарт бойынша «Батыс Альянс Строй» мекемесімен былтыр қыркүйек айында отырдық. Содан бері демонтаждау жұмыстары жүрді. Мүгедек жандарға арналған арнайы бөлмелер, арнайы әжетханалар, арнайы лифттер қарастырылған. Сонымен қоса, ана мен бала бөлмесі де жолдан келген ана мен бала демалуға, баланы киіндіруге, жуындыруға деген сияқты бөлмелер қарастырылған. Әр мамандардың өз бөлмелері болады. Сонымен қоса, қонақ үй бар, ол да жаңарады.
Биыл Атырау өңірінде 9 стансаны жөндеуден өткізу жоспарланған еді. Аққыстау мен Құрманғазы бекеті қолданысқа берілсе, Сағыз, Доссор және Мақат бекетіндегі жөндеу осы айда аяқталуы тиіс. Ал тамыз айында Исатай стансасы жолаушылар игілігіне берілмек.
Бибігүл Таңатар

