CaspianLife. 15 шілде. Атырау қаласында ит аулау жұмысы маусым айынан бері тоқтап тұр. Бұған кәсіпкер мен әкімдік арасындағы келісімшарттың жоқтығы себеп. Осы жылдың наурыз айынан бастап бұралқы иттерді аулау жұмысы қалалық әкімдікке берілген еді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы алғашында шартты тек үш айға жасаған. Ресми дерек бойынша, 90 күнде 3 мыңға жуық ит ауланып, көзі жойылған. Бүгінде жауаптылар істелген жұмыстың нәтижесі болып, қала аумағындағы бұралқы ит саны азайды деп отыр. Енді 12 млн 200 мың теңгеге тағы тендер жарияладық, оның қорытындысы ай соңына дейін белгілі болады деп сендірді шенеуніктер.
Елтай АЙБАТОВ, Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі
— итке жаңадан конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі күтілуде. Жеңімпаз анықталғаннан кейін жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіледі. Бұрынғы келісімшартта аулау және жою болды. Жаңа келісімшартқа сәйкес жаңа заңдарға сәйкес аулау, күтіп ұстау, стерилизациясы бар, сонымен қатар жою жұмыстары қосылды. Жалпы біздің өзімізде арнайы чат бар. Чат арқылы 109 байланысындағы арнайы мамандар отырады, сол чатқа салып отыр. Орындаушы мекеме қабылдап отырады. Ауланғанын бізге баяндап отырады. Сол арқылы бақылау жасаймыз. Сонымен қатар, фото бейнесін жібереді. Бөлім мамандары барып арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізеді.
Қазір бұл жұмысты істеуге тек бір кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Әкімдік өкілдері мекеменің құжаттарын қарап жатқан көрінеді. Наурыз-мамыр айында ит аулау жұмысына мердігерлік еткен қаладағы маса улауға жауапты болған AG Desinfection services мекемесі. 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметіне сүйенсек, Атырау қаласы бойынша өткен жылдың алты айында 4099 шағым түссе, биыл бұл сан 3 мыңнан асып жығылып жатыр.
Нұрбибі Теміртасова

