Елорданың инфрақұрылымын дамытуға үкімет резервінен 16,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Қомақты қаржы Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын жаңарту үшін жұмсалмақ. Басым бөлігі кәріз жүйесін жаңғыртуға бағытталады. Ескі желілер жөнделеді. Соның арқасында жауын-шашын мен ағын су тиімді шығарылып, қаладағы тазарту нысандарының жұмысы жақсарады. Бұған 8,7 миллиард теңге жұмсалады. Ал 7,5 миллиард теңге энергетика саласына бағытталады. Астанада жаңа 110/20 киловольттық «Қарлығаш» қосалқы стансасы салынып, ЖЭО-2-дегі турбоагрегат жаңғыртылады. Турбинаның қуаты 80 мегаваттан 110 мегаватқа дейін ұлғаяды.
Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, Астана қалалық Энергетика басқармасы бастығының орынбасары
— Соның бірі Қарлығаш қосалқы стансасының құрЫлысы болып табылады. Аталған станса жаңа вокзал мен Тельман тұрғын алабы ауданын түгел электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді. Бұл станса жаңадан дамып келе жатқан ауданда 80 мыңнан астам тұрғындлы элеткр қуамыен қамтуға жол ашады.
Жаңа қосалқы станса іске қосылған соң «Есіл» және «Бәйтерек» қосалқы стансаларына түсетін жүктеме азаяды дейді Есмағұлов. Соның нәтижесінде «Нұрлы жол» вокзалы маңы мен Тельман тұрғын алабында тұратын шамамен 80 мың адам электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етілмек.
Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, Астана қалалық Энергетика басқармасы бастығының орынбасары
— Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласы әкімдігі мен ТЭЦ 2-гі нөмір бірінші турбинаны реконструкция бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар жыл сайын жүргізіліп келеді. Жыл сайын әкімдік тарапынан жаңа энергетикалық обьектілерді жаңарту, сонымен қатар жаңа обьектілерді іске қосу бойынша үлкен жұмыстар іске асырылады. Осы модернизация сол жұмыстардың бірі. Оны жасаған соң ТЭЦ 2 қосымша 30 Мегаватт қуат алуға мүмкіндік туады.
Бұдан бөлек, қосымша электр қуаты көздеріне жаңа мектептер, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды қосу көзделіп отыр. Үкіметтің бұл жобалары халық саны қарқынды өсіп жатқан елорданың коммуналдық жүйесін күшейтіп, инженерлік желінің сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

