CaspianLife. 8 шілде Ақтауда теңіз жағалауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында алғаш рет эко-тимбилдинг ұйымдастырылды. Өңірдің әр ауданынан жиналған 80 ерікті теңіз жағалауын қоқыстан тазалады. Іс-шараны ұйымдастырған облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері басты мақсат — экологиялық жауапкершілікті арттыру және волонтерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтады.
Меруерт ҚОНАҚБАЕВА, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы
-Негізі эко-тимбилдингтің мақсаты — тазалық жұмыстарын жүргізу. Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында одан кейін облыс бойынша волонтерлардың бастарын біріктіріп ұйымшылдыққа бірге жұмыс жасауға тарту. Осыған дейін облыс бойынша жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жоқ бұл бізде бірінші рет.
Іс-шара барысында қатысушылар ойынға қатысып, жаңа таныстар тапты. Олардың қатарында ерікті Динара Нұрғали да бар. Тимбилдингтен ерекше әсер алған ол тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызын айтты.
Динара НҰРҒАЛИ, ерікті
-Өте жоғары деңгейде болды. Барлығы керемет эмоция драйв алдық. Ол біріншіден сана сезімді жөндеу себебі бұл біздің еліміз тұрып жатырған жеріміз келесі ұрпаққа оны аман-есен жеткізу керек деп ойлаймын.
Еріктілер жиналған қалдықтарды сұрыптап, арнайы қабылдау орындарына тапсырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай алдағы уақытта да іс-шараларды өткізу жоспарда бар.

