Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды.
Серік Шәпкенов бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарған. Әкімдікке дейін Атырау қаласының әкімі, облыс әкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және министрі қызметтерінде болған.

