CaspianLife, 27 шілде. DWP Congress — әлем бойынша жетекші той индустриясы мамандары мен сарапшыларының басын біріктіретін халықаралық форумдардың бірі. B2B форматындағы платформаға 75-тен астам мемлекеттің мамандары қатысады. Платформа планетадағы ең әсерлі үйлену тойы локациялары мен безендірулерінің арнайы топтамасын жариялады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Аталған топтамаға Грекия, АҚШ және Еуропада түсірілген жұмыстармен қатар, Маңғыстаудың ақ борлы жартастары аясында өткен неке қию рәсімінің фотосы да енген.
Бұл – Маңғыстаудың қайталанбас табиғатының халықаралық деңгейде мойындалғанының тағы бір дәлелі. Өңірдің ерекше ландшафты әлемдік үйлену тойы индустриясы өкілдерінің назарын аударып, Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен танытуға ықпал етуде.
📹: @alga.peterburg




