CaspianLife, 5 тамыз. Атырау облысында өтетін Құрылтай сайлауына бақылаушы ретінде 13 ұйым қатысады. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Комиссияның мәліметінше, аталған ұйымдардың барлығы заң талаптарына сәйкес аккредиттеуден өткен. Сайлау туралы заңға сәйкес, бақылаушы ретінде кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, арнайы аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Бұдан бөлек, аккредиттелген халықаралық бақылаушылардың да дауыс беру күні сайлау учаскелерінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Франциядан келген ұзақ мерзімді халықаралық бақылаушылар өз жұмыстарын бастап кеткен. Олар Атырау облысындағы сайлау науқанының дайындық барысымен де танысады. Мамандардың айтуынша,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 тамыз. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен ата-аналар үшін 2026-2027 оқу жылына арналған грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Конкурс нәтижелерін тексеруге болатын негізгі әрі ресми ақпарат көздері: ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаның ресми парақшалары: Telegram арнасы Facebook парақшасы Instagram парақшасы Жеке сайты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурс пен желілері: Ресми веб-сайты Telegram арнасы Facebook парақшасы Instagram парақшасы
CaspianLife, 4 тамыз. Бірқатар шабуылдарға қарамастан, Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыттағы мұнай танкерлерінің қозғалысы тоқтаған жоқ. Orda.kz мәліметінше, 4 тамыз таңындағы жағдай бойынша Новороссийск портында шикі мұнай тасымалдауға арналған төрт танкер тұрған, тағы бір кеме портқа келуді күтіп тұрған. VesselFinder сервисінің дерегіне сәйкес, порттағы танкерлердің екеуі Мальта, қалған екеуі Либерия мен Маршалл аралдарының туы астында жүзеді. Ал кезекте тұрған тағы бір танкер Либерия туымен тіркелген. Мониторинг деректері Новороссийск портының жалпы аумағын қамтиды және қай танкерлердің нақты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында қызмет көрсетіп жатқанын нақтыламайды. Ал Bloomberg агенттігі дәл осы терминалда қазақстандық мұнайдың тиелуі жалғасып жатқанын хабарлады. Агенттік мәліметінше, КҚК…
CaspianLife, 4 тамыз. Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында таэквондодан халықаралық турнир өтті. Оған әлемнің 71 елінен барған 4000 спортшы мен ресми өкілдер қатысып, бақ сынасты. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен маңғыстаулық Наурызбек Нұрғазыев бірінші қарсыласы корейлік спортшыны 2:0 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Екінші айналымда тайбэй елінің намысын қорғаған қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Үшінші кездесуінде өзінің отандасын жарыс жолынан 2:1 есебімен шығарған болатын. Ал жартылай финалда австралиялықты 2:0 есебімен таза жеңді. Ақтық жекпе жекте қытайлық қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, чемпионы атанды. Осылайша даянгда қарсылас шақ келтірмей, бес қарсыласынан басым түсті. Турнир жеңімпазы мен бапкерін Қонысбай Бектлеу атындағы Маңғыстау облыстық таэквондо…
Caspianlife, 4 тамыз. Атырау облысының бұрынғы полиция бастығы Нұрхат Оразбаев Қазақстан Ішкі істер министрлігінің өкілі ретінде Грузияда қызмет атқаратын болды. Бұл туралы Pro Kadry хабарлады. 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген генерал-майор Оразбаев Гурьев педагогикалық институтын, Алматыдағы жоғары тергеу мектебін және Ресей ІІМ академиясын тәмамдаған. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған. 2018 жылы Атырау облысы полиция департаментінің ақпараттық-талдау орталығын басқарды, кейін басшының орынбасары болды. 2022 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы полиция департаментін басқарған ол кейін Ұлытау облысының полиция бастығы болып тағайындалды. Енді Нұрхат Оразбаев Қазақстан ІІМ атынан Грузияда өкілдік етеді.
Caspianlife, 4 тамыз. Грузияның Кулеви портындағы мұнай өңдеу зауыты 2026 жылдың тамыз-қыркүйек айларынан бастап тек ресейлік емес шикізатпен – қазақстандық және ливиялық мұнаймен жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Black Sea Petroleum (BSP) компаниясына сілтеме жасап, Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады. BSP мәліметінше, зауыт 2026 жылдың шілде айында қазақстандық мұнайды қабылдап, өңдеуді бастаған және бұл тәжірибе тамыз айында да жалғасады. Сонымен қатар, компания 3 шілдеде атауы жарияланбаған халықаралық серіктеспен Ливия мұнайын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойған. Ливиялық мұнай зауытқа 20–30 тамыз аралығында жеткізіледі. Келісім 2027 жылдың соңына дейін жасалып, кейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Компанияның хабарлауынша, жаңа шикізатқа көшу жеткізілім көздерін әртараптандыру жөніндегі бұрын…
Caspianlife, 4 тамыз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері республика бойынша заң талаптарын бұзған 20-дан астам стример әкімшілік жауапкершілікке тартылған. ІІМ мәліметінше, құқық бұзушылар тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырған және өзге азаматтардың ар-намысына тиетін әрекеттерге барған. Сонымен қатар мұндай контенттің кәмелетке толмағандарға да қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Ведомство келтірген мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында TikTok желісінде тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданған 48 жастағы тұрғын сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Талдықорған қаласында бұған дейін де…
CaspianLife, 3 тамыз. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі заңсыз қаржы алу схемаларын анықтады. Ведомствоның мәліметінше, шамамен 140 мың азамат медициналық ұйымдарға жалған тіркеліп, көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат аударылған. Аталған деректер бойынша қазіргі уақытта 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3,5 миллиард теңгеден асады. Агенттік мәліметінше, Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасыныңауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында МӘМС аясында бөлінген қаржы іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген және тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылғаны анықталған. Кәсіпкерлердің деректемелері ақшаны заңсыз…
CaspianLife, 3 тамыз. Орал қаласында құрылыс жұмыстары кезінде топырақ астында қалған ер адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман алып шықты. ТЖМ мәліметінше, оқиға Абай даңғылы бойында болған. Іргетасты оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте 1966 жылы туған ер адамды топырақ басып қалып, ол өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен ер адамды шұңқырдан шығарып, алғашқы көмекті көрсеткен. Кейін ол денсаулық жағдайын тексеру үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы нақтыланып жатыр. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.
Caspianlife, 3 тамыз. Маңғыстау облысында судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде теңіз жағалауында гидроциклдің демалушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып басқарылғаны бейнеленген видео тараған. Осыған байланысты Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері келесі күні «Самал» демалыс базасының аумағында тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру барысында гидроцикл иесінің судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталған. Соның нәтижесінде оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы су көлігі иелеріне демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуді және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.…
