Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 12 тамыз. Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі қаралды. Қазақстанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесін проактивті форматқа көшіру жоспарланып отыр. Енді жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындарын өздігінен іздеудің қажеті болмайды — жасанды интеллект негізіндегі цифрлық жүйе олардың біліктілігі мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін вакансияларды автоматты түрде ұсынады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, енді жұмысты адам емес, жұмыс адамды іздейтін жүйе қалыптасады. «Бұған дейін азаматтар порталдағы бос жұмыс орындарын өздері қарап, мансап орталықтарына баратын. Енді жүйе жұмыс берушілердің қажеттілігіне сай келетін кандидаттарды өзі анықтайды. Оларға eGov және Enbek.kz мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз. Маңғыстау облысында Аташ пен Баутино тұрғындарының шағымынан кейін Каспий теңізінің ластануы туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жергілікті тұрғындар теңіз бетінде мұнай өнімдеріне ұқсас затты байқағанын хабарлаған соң, Аташ және Баутино ауылдары маңындағы Каспий жағалауына барды. Теңіз бетіндегі майлы дақтар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тараған. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті бөлімінің басшысы Қайсар Надирбектің айтуынша, тұрғындардан өтініш 8 тамызда түскен. «8 тамызда Баутино және Аташ тұрғындарынан Каспий теңізінің жағалауынан мұнай өнімдерінің іздері байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары аумаққа визуалды тексеру жүргізді. Тексеру барысында Аташ пен Баутиноның…

Read More

CaspianLife, 11  тамыз. Ақтөбеде 70-ке жуық тұрғын туристік компанияның алаяқтығына ұшырап, Түркия, Мысыр және Грузияға жолдамалар, әуе билеттері мен сапар үшін төлеген ақшаларын ала алмай қалған. Зардап шеккендер полицияға жүгінген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Турфирма кеңсесінің алдына 20-ға жуық адам жиналып, агенттікке алдын ала қомақты қаражат аударғандарын айтты. Алайда соңғы сәтте олар жолдама да, билет те ала алмаған, ақшалары да қайтарылмаған. Зардап шеккендердің айтуынша, компания өкілі бастапқыда мәселені шешуге уәде бергенімен, кейін байланысқа шықпай қойған. Ақтөбе тұрғыны Асылбек Дүйсенбеков: «Біз Алматы арқылы ұшуымыз керек болды. Бүкіл отбасымызбен Алматыға бардық. Қалаға келген кезде компания өкілдері: “Қазір бәрін беремін, жолға…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, облыс бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірлері арасында алдыңғы қатарға шыққан. Өсім 4,9 есені құрады. Жергілікті мамандар мұндай динамиканы инфекцияны ерте анықтау жұмыстарының күшеюімен байланыстырады. Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мәліметінше, былтыр жыл бойы 20 жағдай анықталса, биыл алғашқы алты айдың өзінде 22 жағдай тіркелген. Науқастардың арасында бір бала бар. Мерез (сифилис) — негізінен жыныстық жолмен берілетін қауіпті созылмалы инфекциялық ауру. Ол теріні, шырышты қабаттарды, ішкі ағзалар мен жүйке жүйесін зақымдайды. Атырау облыстық тері-венерологиялық диспансерінің директоры Мира Бердешева мұндай инфекциялық аурулар кезең-кезеңімен шарықтау шегіне жетіп, кейін төмендейтінін, бұл осы патологиялардың табиғатына тән құбылыс екенін…

Read More

CaspianLife, 10 тамыз.  «ҚазМұнайГаз» Bloomberg агенттігінің ExxonMobil компаниясының Қашаған жобасындағы үлесін сататыны туралы ақпаратын жоққа шығарды. Бұл туралы Nomad «ҚМГ» басқарма төрағасы Асхат Хасеновке сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, компания ExxonMobil-дің Қашаған жобасындағы үлесін сатуы мүмкін деген ақпаратты растамайды. Сондай-ақ ол америкалық компанияны көп жылдан бергі сенімді серіктес деп атады. ExxonMobil Upstream — мұнай өндіру және тасымалдау бағыттарына жауап беретін америкалық ірі мұнай компанияларының бірі. Оның құрамына Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайды тасымалдау бағыттары да кіреді. Қашаған мұнайы негізінен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы арқылы тасымалданады. ExxonMobil Қазақстандағы ең ірі мұнай жобаларының бірі саналатын Теңіз және Қашаған кен орындарына қатысады.…

Read More

CaspianLife, 10 тамыз.  Құрманғазы ауданында өтетін LOTUS FEST фестивалін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 191,9 млн теңге бөлінді. Оның 131,9 млн теңгесі инфрақұрылымды дамытуға, ал 60 млн теңгесі мәдени бағдарламаға бағытталған. Биыл фестиваль екі күн — 15 және 16 тамызда өтеді. Өткен жылы лотос алқаптарына 40 мыңнан астам адам келген. Биыл туристер саны одан да артады деп күтілуде. «Инфрақұрылымға бағытталған қаражат бір реттік іс-шараға ғана арналмаған. Бұл қаражат алдағы уақытта да пайдаланылатын нысандарды жасауға жұмсалады», — деп хабарлады аудан әкімдігі. Атап айтқанда, ұзындығы 414 метр, ені 2 метр болатын понтон конструкциялары орнатылады. Оның бойында көлемі 6×4 метр болатын 9 бақылау алаңы жабдықталады.…

Read More

Caspianlife, 7 тамыз. Атырау мұнай өңдеу зауытында кадрлық өзгеріс болды: кәсіпорынның жаңа бас директоры болып Мұратжан Мұсайбеков тағайындалды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ресми сайтында хабарланды. Мұратжан Мұсайбеков әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүйесінде түрлі жауапты қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, ол ҚМГ-ның мұнай өңдеу және мұнай-химия жобаларын іске асыру жөніндегі директоры, мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директор, «ҚМГ – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары, сондай-ақ «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде жұмыс істеген. Бұдан бөлек, мемлекеттік және жеке сектордағы ұйымдарда да еңбек еткен. Айта кетейік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын Қуаныш Бишімов басқарған болатын. Оның өкілеттігі…

Read More

CaspianLife, 7 тамыз.  Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысып, олардың 76 пайызы шекті балл жинап, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды. 2026_2027_ОҚУ_ЖЫЛЫНА_АРНАЛҒАН_БІЛІМ_БЕРУ_ГРАНТЫ_ИЕГЕРЛЕРІНІҢ_ТІЗІМІ.pdf

Read More

CaspianLife, 7 тамыз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов мәлімдеді. «Қазгидромет» автоматтандырылған станцияларының мәліметіне сәйкес, биыл алты айда ауадағы күкіртсутегінің жоғары ластану жағдайы 25 рет тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 89 болған. – Ауа сапасын тұрақты бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл жарты жыл ішінде атмосфералық ауаға 59 сынама алынып, 239 зертханалық талдау жүргізілді. Сонымен қатар кәсіпорындардың өндірістік экологиялық бақылау есептері де сарапталуда, – деді департамент басшысы. Спикердің айтуынша, күкіртсутегінің негізгі көздері – мұнай өңдеу және мұнай-газ кәсіпорындары, булану алаңдары мен кәріз сорғы станциялары.

Read More

CaspianLife, 7 тамыз. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметіне нидерландтық маман Джон ван ’т Шкиптің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ҚФФ ресми түрде хабарлады. Федерация мәліметінше, тараптар ұлттық құраманы жаттықтыру жөнінде келісімге келген. Алайда маманның тағайындалуы ҚФФ Жарғысына сәйкес Атқарушы комитеттің келісімінен кейін ғана ресми түрде бекітіледі. Келісімшартқа Атқарушы комитеттің отырысынан кейін қол қойылады. Джон ван ’т Шкип ойыншы ретінде Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд ұлттық құрамасының намысын қорғаған. Ол 1988 жылы Нидерланд құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанған. Бапкерлік мансабын «Аякс» клубының жүйесінде бастаған маман кейін аталған клубтың бас бапкері болды. Сонымен…

Read More