Caspianlife, 4 тамыз. Атырау облысының бұрынғы полиция бастығы Нұрхат Оразбаев Қазақстан Ішкі істер министрлігінің өкілі ретінде Грузияда қызмет атқаратын болды. Бұл туралы Pro Kadry хабарлады.
1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген генерал-майор Оразбаев Гурьев педагогикалық институтын, Алматыдағы жоғары тергеу мектебін және Ресей ІІМ академиясын тәмамдаған.
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған.
2018 жылы Атырау облысы полиция департаментінің ақпараттық-талдау орталығын басқарды, кейін басшының орынбасары болды.
2022 жылдың ақпанынан 2026 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы полиция департаментін басқарған ол кейін Ұлытау облысының полиция бастығы болып тағайындалды.
Енді Нұрхат Оразбаев Қазақстан ІІМ атынан Грузияда өкілдік етеді.

