CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысының тұрғындарымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстырды. Партия өкілдері өз бағдарламасындағы өңірлерді дамытуға қатысты ұсыныстарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Басқосуда ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру, адами капиталды күшейту, инфрақұрылымды жаңарту, көлік жүйесін жетілдіру, экологиялық мәселелерді шешу және жастар мен еріктілерді қолдау бағыттары сөз болды.
Кездесу барысында экология мәселесіне ерекше назар аударылды. Құрылтай депутаттағына кандидат Арман Хайруллин өндірістік кәсіпорындардан түсетін экологиялық төлемдер мен айыппұлдардың бір бөлігін қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарына бағыттау қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл қаражат бүлінген аумақтарды жаңғыртуға, халық денсаулығын қорғауға, елдімекендерді көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға жұмсалуы тиіс.
Сонымен қатар Атырау облыстық онкологиялық диспансер директоры, Құрылтай депутаттығына кандидат Эльмира Сапарова өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, медициналық нысандарды жаңғырту, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жайын ортаға салды.
Жиында көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де тыс қалмады. Партия өкілдері 2029 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Каспий маңы көлік-логистикалық әлеуетін арттыру және қоғамдық көлік сапасын жақсарту бағытындағы бастамаларын атап өтті.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

