CaspianLife, 30 шілде. Бұл жолы «Теңізшевройлдың» мұнайын тиеп жатқан NISSOS SIFNOS танкеріне дронмен шабуыл жасалған. Оқиға Мәскеу уақытымен сағат 01:48-де болған.
Шабуылдан кейін кемеде өрт шыққан. Алайда экипаж бен Каспий құбыр консорциумының үш қосалқы кемесі өртті тез сөндірген.
Зардап шеккендер жоқ. Мұнай теңізге төгілмеген. Сонымен қатар терминалдан алты теңіз милі жерде тұрған MARATHI танкеріне де шабуыл жасалған.
Каспий құбыр консорциумы мәліметінше, Қазақстан мен консорциумның шетелдік акционерлері халықаралық энергетикалық нысандарға шабуыл жасамауға шақырған. Бірақ бұл үндеулер ескерілмей, танкерлерге қайтадан шабуыл жасалды.

