CaspianLife, 29 шілде. Бүгін, 29 шілдеде сағат 12:39 шамасында Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы Т. Жұмағалиев көшесінде орналасқан салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша, құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалы – көбік (Plex) жанған. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сағат 13:10-да толықтай сөндірді. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

