Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 20 тамыз. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан тұрғын Арман Вилориевич пен полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиевті алғыс хатпен марапаттады, — деп хабарлайды Polisia.kz. 16 тамыз күні таңғы уақытта Атырау қаласындағы саябақта жалғыз жүрген 3 жастағы бүлдіршінді байқаған Арман Вилориевич жағдайға бейжай қарамай, дереу «102» арнасына хабар берген. Ақпаратты алған полиция қызметкері Сұлтан Сапарғалиев оқиға орнына 10 минут ішінде жетіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көп ұзамай бүлдіршіннің анасы анықталып, бала аман-есен табысталды. Департамент бастығы тұрғынның азаматтық жауапкершілігі мен полиция қызметкерінің жедел әрі кәсіби әрекетін жоғары бағалады. Бұл оқиға бала қауіпсіздігіне келгенде әрбір азаматтың…

Read More

CaspianLife, 20 тамыз. Биыл Атырау облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 400 айлық есептік көлемінде 330 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Тамыз айында оның 158-і берілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мемлекеттік гранттарды беру кезең-кезеңімен, белгіленген легтер бойынша жүзеге асырылуда. Бірінші лек бойынша өтініштер маусым-шілде айларында қабылданды. Грант иегерлерінің 102-сі — ауыл тұрғындары. Берілген гранттардың 32-сі инвентарь алуға, 9-ы еңбек құралдарына, 100-і технологиялық жабдықтарға, 6-уы мал, 7-еуі құс алуға бағытталды. Сонымен қатар 3 грант көшет отырғызуға, 1 грант жалға алу шығындарына берілді. Мемлекеттік грант алғандардың қатарында 99 көпбалалы ана, 22 мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 31 ата-ана және…

Read More

Caspianlife, 19 тамыз.  Ұлттық киім — халықтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен дүниетанымын бойына жинақтаған рухани мұра. Бүгінде қазақтың ұлттық киімдерін заманауи үлгіде жаңғыртып, әлемдік сән кеңістігіне танытып жүрген азаматтар аз емес. Осы бағытта ұлттық нақышты жаңа дизайнмен үйлестіріп, қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін кең аудиторияға танытып жүрген атыраулық дизайнер әрі кәсіпкер Бану Гайдар отандық этно-брендті халықаралық нарыққа шығаруды мақсат етіп келеді. Бану Гайдар тігін ісін 19 жасында бастаған. Алғашқы жылдары Атырауда той салоны мен ұлттық киім тігетін цехтан бастап бүгінгі күні өз өндірісін қалыптастырды. 14 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіпкер қазақы ою-өрнекті күнделікті киім үлгілеріне енгізіп, «BAY» бренді дәстүрлі ұлттық…

Read More

Caspianlife, 19 тамыз.  Атырау облысында мүгедектігі бар балалар мен ересектерге кешенді оңалту қызметтерін көрсететін «Алмалы» әлеуметтік оңалту орталығы жұмысын бастады. 29 мамырдан бері мұнда 221 адам оңалтудан өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 150 адамға арналған орталықта медициналық, әлеуметтік және психологиялық бағыттарды қамтитын алты түрлі қызмет көрсетіледі. Әр қызмет алушыға жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, мамандардың кеңесі негізінде тиісті процедуралар тағайындалады. Орталықта бассейн, физиотерапия, механотерапия, парафинмен емдеу, массаж және емдік дене шынықтыру залдары жұмыс істейді. Спорт залдары заманауи тренажерлармен жабдықталған. – Орталықта қызмет алушылардың денсаулығын жақсартуға және физикалық белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасалған. Оңалтудан өткен азаматтар көрсетілген қызмет сапасына ризашылықтарын…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз. Атырау облысында жаңа оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік санаттағы 14 мыңнан астам балаға біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Әр балаға 50 851 теңгеден берілді. Қыркүйек айына дейін көмек алатын балалар санын 16 мыңға жеткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілердің көмегімен оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары және басқа да қажетті заттар табысталды. Былтыр бұл акциямен 5 мыңнан астам бала қамтылған. – Балалардың сапалы білім алуына қажетті жағдай қалыптастыру – басты міндеттердің бірі, – деді Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров. Балаларды әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа оқу…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз.  Биыл Маңғыстау облысында 19 500-ден астам баланы бірінші сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 тамыздағы жағдай бойынша облыс мектептерінің бірінші сыныптарына ата-аналардан 18 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 6 мыңнан астам баланың өтініші тіркелді. Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш беру 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар белгіленген мерзімге дейін баласын мектепке қабылдауға қажетті құжаттарын тапсыра алады.

Read More

Caspianlife, 19 тамыз. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2026 жылдың алғашқы алты айындағы аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштерінде айтарлықтай өсім байқалған. Компанияның қаржылық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаздың» кірісі 5 трлн 568 млрд теңгеге жетті. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 4,5 трлн теңгелік көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Пайыздар, салықтар, тозу және амортизацияға дейінгі пайда (EBITDA) 1 трлн 655 млрд теңгеге дейін өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1 трлн 142 млрд теңге болған. Қауымдастырылған және бірлесіп бақыланатын компаниялардағы үлестерді ескере отырып есептелген таза пайда 69 пайыздан астам өсіп, 904…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз. Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту құрылыстары кешенінің құрылысы басталды. Қолданыстағы станция 45 жыл бұрын пайдалануға берілген және бүгінде 70 пайызға тозған. Қазіргі уақытта станцияға тәулігіне орта есеппен 70-80 мың текше метр ағынды су түседі. Ал су тасқыны кезеңінде бұл көрсеткіш 95 мың текше метрге дейін жетеді. Бүгінде қаланың 62 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Жаңа кешен іске қосылғаннан кейін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін ағынды суды тазартуға мүмкіндік туады. Ал ең жоғары жүктеме кезінде өндірістік қуаты 130 мың текше метрге дейін жетеді. «Қазіргі жұмыс істеп тұрған станцияда тазартудың екі кезеңі – механикалық және биологиялық тазарту қарастырылған. Ал…

Read More

Caspianlife, 18 тамыз. Атырауда Солтүстік айналма автожолы келер жылы толық пайдалануға беріледі. Бұл туралы брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі мәлімдеді. Қала ішіндегі көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған жоба үш кезеңге бөлінген. Алғашқы екі кезең аясында 22 шақырым жолды биылғы жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Ал Жайық өзені арқылы өтетін көпір құрылысы келер жылы аяқталады. Бұған дейін айналма жолды пайдалануға беру мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген болатын. «Айналма жол маңында жеке меншіктегі жер учаскелері болды. Оларды сатып алу рәсімі аяқталды. Сонымен қатар көпір құрылысын жүргізетін қосалқы мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты 2026 жылдан бастап мерзімді бір жылға ұзарттық. Биылғы…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында студенттерді оқуға түскеннен бастап диплом алғанға дейінгі негізгі процестердің барлығын бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. «Қазірдің өзінде ҰБТ сертификаты eGov жүйесінде қолжетімді, AI-прокторинг және AI-Talapker іске қосылды. Студенттер мен түлектер туралы негізгі мәліметтер Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында қалыптастырылады. Келесі кезең – білім беру процесіне жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу. Олардың қатарында AI-Admission, AI-Onboarding, жеке білім беру траекториясы, цифрлық құзыреттер профилі, AI-Library, AI-психолог және AI-Career бар», – деді министр. Оның айтуынша, бұл бағытқа қажетті базалық инфрақұрылым қазірдің өзінде қалыптастырылған. AI-Sana бағдарламасы аясында 440-тан астам жасанды интеллект агенті…

Read More