CaspianLife, 19 тамыз. Биыл Маңғыстау облысында 19 500-ден астам баланы бірінші сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 тамыздағы жағдай бойынша облыс мектептерінің бірінші сыныптарына ата-аналардан 18 мыңнан астам өтініш қабылданған. Оның ішінде Ақтау қаласы бойынша 6 мыңнан астам баланың өтініші тіркелді.
Бірінші сыныпқа қабылдауға өтініш беру 31 тамызға дейін жалғасады. Ата-аналар белгіленген мерзімге дейін баласын мектепке қабылдауға қажетті құжаттарын тапсыра алады.

