Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 тамыз. Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салуға арналған алаң анықталып жатыр. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жаңа кәсіпорынның қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдеуге жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта нысанды орналастыру үшін төрт ықтимал өңір қарастырылуда: Маңғыстау облысы Атырау облысы Түркістан облысы Ұлытау облысы Қазір «Самұрық-Қазына» қоры жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеп жатыр. Нысанның орналасатын жерін таңдауда электр энергиясы мен су ресурстарының қолжетімділігі, сондай-ақ дайын көлік-логистикалық инфрақұрылымның болуы сияқты негізгі факторлар ескеріледі. Жаңа мұнай өңдеу зауытының нақты қай өңірде салынатыны туралы түпкілікті шешім жыл соңына дейін қабылданады деп жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру ішкі нарықтың отынға…

Read More

Caspianlife, 25 тамыз. 23 тамыз күні сағат 23:50 шамасында 1940 жылы туған ер адамның үйінен белгісіз уақытта шығып кетіп, хабарсыз кеткені туралы қызы полицияға хабарласқан. Іздеу жұмыстарына Кинология қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция аға сержанты Рахымжан Ерболат, полиция сержанты Еламан Утеулиев және қызметтік іздестіру иті Герда жұмылдырылды. Герда жоғалған азаматтың киімін иіскеп, іздеуді үйінің алдынан бастады. Қызметтік ит шамамен 2 шақырым жүріп өтіп, канал маңындағы қамыс арасынан ер адамды тапты. Азаматтың жағдайы жақсы. Ол полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғысын білдірді. Герда – 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқан қызметтік іздестіру иті. Осы уақыт ішінде…

Read More

Caspianlife, 25 тамыз. Жаңа ереже бойынша коммуналдық және әкімдіктер жалға алған тұрғын үйдің: 🔹 кемінде 20%-ы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 🔹 кемінде 50%-ы – әлеуметтік осал санаттарға беріледі. Олардың қатарында: * I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар; * мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар; * жесірлер; * көпбалалы отбасылар; * соғыс ардагерлері; * кейбір санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар бар. Бұл үлестер жеңілдетілген ипотекалық қарыздар арқылы берілетін тұрғын үйге де қатысты. Табыс бойынша шектеу де белгіленді. 2026 жылғы күнкөріс минимумы – 50 851 теңге. Сондықтан шекті табыс: — 3 және одан көп адамдық отбасында – жан басына…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз. Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірді. Қазақстандағы сайлау науқаны жалпы алғанда қалыпты әрі жүйелі түрде өтіп, әрбір қатысушы үгіт-насихат жұмыстарын әкімшілік кедергілерсіз жүргізе алды. Мұндай бағалар ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссиясының материалдарында келтірілген. Миссияның маңызды бағаларының бірі – тең мүмкіндіктер қағидатының сақталуы. Негізгі құқықтық мүмкіндіктер үгіт-насихат жүргізу үшін тең жағдайларды қарастырады, ал миссияның байқауынша, әкімдіктер мен сайлау комиссиялары бұл жағдайларды заңға сәйкес қамтамасыз еткен. Миссия өкілдеріне үгіт-насихат іс-шараларын өткізуге…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз. «Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік филиалдарының өкілдері экзитпол қорытындысы бойынша жарияланған Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелеріне пікір білдірді. Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы партия өкілдері азаматтардың таңдауын мойындайтынын және саяси жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар нәтижелерге талдау жасап, партия ішіндегі жұмыс тәсілдерін жаңарту қажеттігін атап өтті. «Байтақ» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Тұрсынбек Байтемиров Facebook-тегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде партия сайлаушылардың білдірген еркіне құрметпен қарайтынын және жарияланған алдын ала көрсеткіштерді қабылдайтынын айтты. «Алдағы уақытта бүгінгі нәтижені ескере отырып, өз ұстанымымыз бен бағдарламамызды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қоршаған ортаны қорғау, таза су мен таза жер мәселелері бойынша нақты шешімдерге…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз. Құрметті отандастар, қадірлі сайлаушылар! Бүгін еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға – алғашқы Құрылтай сайлауы өз мәресіне жетті. Халқымыз өз таңдауын жасады. Бұл Құрылтай – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларының айқын нәтижесі, жалпыұлттық референдумда қабылданған халықтық Конституциямыздың жүзеге асуының нақты көрінісі. Осы тарихи өзгерістердің заңды дәлелі ретінде өткен алғашқы Құрылтай сайлауы ашықтық пен әділдік қағидаттарына сай өтіп, азаматтарға өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік берді. Барлық саяси партиялар ашық бәсеке жағдайында сайлауға қатысып, өз бағдарламаларын сайлаушыларға жан-жақты жеткізді. Бұл – еліміздің саяси жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам әрі халықтың өз болашағын айқындауға тікелей қатысуының жаңа кезеңі.…

Read More

Caspianlife, 24 тамыз. 2026 жылғы 24-28 тамыз аралығында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан келген 60-тан астам әйел бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨАжА), күн энергетикасы технологиялары, дәнекерлеу және бұзбай бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік альпинизм бағыттары бойынша білім алады. Әйелдердің кадрлық әлеуетін дамыту және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмысты жалғастырып келе жатқан Empowerment-2026 жобасы Батыс Қазақстанда әйелдердің сұранысқа ие техникалық мамандықтар мен кәсіпкерлікке қатысуын арттыру мақсатында оқыту бағыттарын кеңейтті. Кәсіби сегрегация әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы негізгі кедергілердің бірі болып қалып отыр. Әйелдер Қазақстандағы жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығын құрағанымен, жиынтық еңбек табысының тек 36,4%-ы олардың үлесіне тиесілі. Бұл көбіне әйелдердің…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз. Ол Президенттің дәйекті саяси бахыты мен ауқымды реформалары еліміздің дамуында жаңа кезеңге жол ашып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңызын арттырғанын және қоғаммен ашықты диалог нығайтқанын атап өтті. Күні бойы партия дауыс беру барысын бақылап, өңірлермен тұрақты байланыста болды. Қайрат Айтуғановтың айтуынша, сайлау тыныш, ашық әрі ұйымдасқан жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес өтті. Қайрат Айтуғанов «Ауыл» партиясының нәтижесін халықтың сенімі әрі үлкен жауапкершілік деп бағалады. Сондай-ақ сайлауға қатысқан барша қазақстандықтарға және партияға қолдау білдірген азаматтарға алғысын жеткізді. «Сіздердің әрбір дауыстарыңыз – бізге бұдан да көп әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге берілген аманат. Сайлау аяқталады. Жұмыс жалғасады», – деді партия төрағасы.…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз.  22-23 тамыз күндері Бакуде өткен қазақ күресінен ересектер арасында XII әлем чемпионатында маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғапов +100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, дүбірлі додаға әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден астам спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғаған Нұрдәулет Жарылғапов — қазақ күресінен халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген белгілі спортшы. Ол бұған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатында чемпион атанып, 2023 жылғы Азия чемпионатында жеңімпаз болған. Сондай-ақ 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен. Бакудегі…

Read More

Caspianlife, 24 тамыз. Қазақстан ұлттық құрамасы Англияның Лафборо қаласында өткен IFCPF Men’s World Championships 2026 әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетіп, қола медаль иеленді. Отандастарымыз турнирді үшінші орынмен аяқтап, халықаралық аренадағы алғашқы қатысуында-ақ жүлдегер атанды. Әлем чемпионаты 15–24 тамыз аралығында Англияның Лафборо қаласында өтті. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Италия, Англия және АҚШ құрамаларымен кездесті. Парафутболшыларымыз үшін бұл халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс болғанына қарамастан, команда мүшелері жоғары шеберлік пен жігер танытып, лайықты нәтиже көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Турнир алдындағы дайындық барысында Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға қолдау білдірді. Оқу-жаттығу жиыны кезінде федерацияның Бас хатшысы Скотт Манн команда…

Read More