Caspianlife, 25 тамыз. Жаңа ереже бойынша коммуналдық және әкімдіктер жалға алған тұрғын үйдің:
🔹 кемінде 20%-ы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
🔹 кемінде 50%-ы – әлеуметтік осал санаттарға беріледі.
Олардың қатарында:
* I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар;
* мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
* жесірлер;
* көпбалалы отбасылар;
* соғыс ардагерлері;
* кейбір санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар бар.
Бұл үлестер жеңілдетілген ипотекалық қарыздар арқылы берілетін тұрғын үйге де қатысты.
Табыс бойынша шектеу де белгіленді.
2026 жылғы күнкөріс минимумы – 50 851 теңге.
Сондықтан шекті табыс:
— 3 және одан көп адамдық отбасында – жан басына 101,7 мың теңге;
— 2 адамдық отбасында – жан басына 178 мың теңге;
— жалғыз адамға – 279,7 мың теңге.
Табыс соңғы 6 айдағы еңбек және кәсіпкерлік қызмет бойынша есептеледі.
Бірақ әлеуметтік санатқа жату пәтерді автоматты түрде алуға кепілдік бермейді. Азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұруы және белгіленген талаптарға сай болуы керек.
Бөлмелер санына қатысты жаңа нормалар 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

