Caspianlife, 23 тамыз. Елімізде тағы бір маңызды саяси науқан өз мәресіне жетті. Алғашқы Құрылтай сайлауында Атырау облысы бойынша жұмыс істеген 278 сайлау учаскесі жұмыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта сайлау комиссиялары бюллетень санауды бастап кетті. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, атыраулықтардың 71,17 пайызы дауыс берген. Еліміз бойынша белсенді өңірлердің қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Жетісу мен Қызылорда облыстары 91,19 және 90,75 пайыздармен көш басында орналасқан. Алматы қаласының тұрғындары сайлау науқанында дауыс беруге құлық танытпады. Олардың 43,23 пайызы ғана бюллетень алған. Жалпы ел бойынша 9 352 151 адам дауыс берген. Бұл жалпы сайлау құқығы бар жандардың 74,19 пайызы.
Астана қаласы – 51,67
Абай облысы – 81,41
Ақмола облысы – 82,69
Ақтөбе – 88,30
Алматы – 71,17
Атырау – 70,74
БҚО – 73,38
Жамбыл – 85,18
Жетісу – 91,19
Қарағанды – 76,28
Қостанай – 76,47
Қызылорда – 90,75
Маңғыстау – 71,38
Павлодар – 71,20
СҚО – 77,31
Түркістан – 92,16
Ұлытау – 70,72
ШҚО – 87,50
Алматы қаласы – 43,23
Шымкент қаласы – 75,42
Ел бойынша 9 352 151
74,19
72 15
12 605 788

