Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 қыркүйек. Қазақстанда Білім күні аталып өтіп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл республика бойынша 8 мыңнан астам мектепте жаңа оқу жылы басталды. Мектеп партасына 4,1 млн оқушы отырды. Оның ішінде 380 мың бала биыл алғаш рет бірінші сыныпқа барды. Дәстүр бойынша Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектебіндегі алғашқы қоңырау салтанатына қатысты. Биыл ол Ақмола облысы Қараөткел ауылындағы IT мектебінде өткен салтанатты жиынға барды. Мектеп 1200 оқушыға арналған және Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Білім ордасында 60 оқу кабинеті, STEM-зертхана, физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы кабинеттер, IT-сынып, робототехника және хореография кабинеттері,…

Read More

CaspianLife, 2 қыркүйек. Атырау облысы халқының саны өткен айда іс жүзінде өзгерген жоқ. 1 шілдеде өңірде 718 526 адам тұрса, 1 тамыздағы көрсеткіш 718 501 адамды құрады. Яғни бір ай ішінде облыс тұрғындарының саны небәрі 25 адамға азайған. Елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеуден гөрі тұрақтылықты көрсетеді. Өйткені бірқатар облыстарда халық саны әлдеқайда айтарлықтай кеміп отыр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Қазақстан бойынша жалпы ахуал өзгеше. 1 тамыздағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 млн 604 мың адамға жетіп, бір айда 14 230 адамға өскен. Жыл басынан бері Қазақстан халқы 104 997 адамға көбейді. 1 шілдедегі көрсеткіш 90…

Read More

Caspianlife, 1 қыркүйек. Жылыой ауданында ашық аспан астындағы музей экспозициясы ашылды. Ол осыдан 27 жыл бұрын Қазақстанның екінші «Алтын адамы» табылған Аралтөбе қорғанында орналасқан. Баға жетпес жәдігер Ақмешіт елді мекенінде жүргізілген археологиялық экспедиция кезінде табылған. Ол Ақкиізтоғай ауылдық округінен 30 шақырым жерде орналасқан. Сол кезде археологтар сармат көсемінің киімі мен қару-жарағына тиесілі 300-ге жуық алтын бұйымды анықтаған. Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен қолға алынған. Жылыой ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Науров: «Қазақстан тарихына екінші Алтын адам ретінде енген сармат көсемі 1999…

Read More

Caspian;ife, 1 қыркүйек.  Жаңаөзендік суретші Джохар Юнусовтың асқақ арманы орындалып, Airbus A320 ұшқышы атанды. Оның алғашқы рейсі 2026 жылы 12 тамызда өтті, — деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Instagram желісінде Джохар Юнусов 2022 жылы Жаңаөзенде құрылыс орнында кезекті муралын салып жүрген кезінде түсірілген архивтік бейнежазбамен бөлісті. Бейнеде суретші құрылыс алаңында, бояуға малынып жүрген сәтінде жазылушыларына азаматтық авиация ұшқышы болуды армандайтынын айтады. Ұшқыштарды даярлау бағдарламасына өтінім берер алдында Джохар өзіне арнап бейнеүндеу түсіріп, бір күні осы сәтке қайта оралып, балалық арманының қайда жеткізгенін көргісі келген. Колледжді тәмамдағаннан кейін Джохар біраз уақыт шығармашылықпен айналысты. Алайда 2022 жылдың қазан айында арманын орындауға шешім…

Read More

Caspianlife, 1 қыркүйек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу қорытындысын жариялады. Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Сауд Арабиясында олардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ қажылық саласына қатысты Сауд тарапының заңды талаптарын сақтау. ҚМДБ мәліметінше, туроператорларды іріктеу арнайы құрылған комиссия тарапынан жүргізілген. Бағалау барысында үміткер компаниялардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары және тиісті лицензияларының жарамдылығы ескерілген. Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті мен белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланған. Сауд Арабиясы тарапынан қажылық сапарын ұйымдастырушыларға қойылатын талаптардың сақталуына да назар аударылған. Комиссия…

Read More

CaspianLife, 1 қыркүйек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады. Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

Read More

 Caspianlife, 1 қыркүйек. ШЫҰ мерейтойлық саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды. Владимир Путин Мемлекет басшысын Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Оның айтуынша, дауыс беру нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі дамытуға, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, экономиканы ілгерілетуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға байланысты көптеген мәселені шешуге бағытталған стратегиялық бағдары кеңінен қолдау тапқанын растайды. Қазақстан Президенті құттықтауы үшін Ресей басшысына ризашылығын білдіріп, конституциялық реформа аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі. – Қазақстанды…

Read More

CaspianLife, 1 қыркүйек. Ақтауда Каспий теңізіне шыққан серуендеу катері жартасқа соғылды. Қайғылы оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Оқиға 30 тамызға қараған түні 5А шағынауданы маңында болған. Кеме бортында жеті адам болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алдымен бес жолаушыны аман алып шығып, оларды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Суға батып кеткен екі адамның денесі тек үш сағаттан кейін табылды. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің басшысы Бақытжан Үсенов құтқару жұмыстарының барысын баяндады. «112 пультіне қоңырау түсті. Оқиға орнына дереу қажетті күштер мен құралдар жіберілді. Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 35 қызметкер, сондай-ақ төрт қайық пен арнайы техника жұмылдырылды. Алғашқы кезеңде бес адамды…

Read More

CaspianLife, 31 тамыз. Сонымен қатар ол премьер-министрдің орынбасары және Мәдениет және ақпарат министрі қызметін де атқарады.  Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Read More

CaspianLife, 31 тамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдағы партиялар фракциялары жетекшілерінің пікірін ескере отырып, Үкімет басшысы лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. – Ол – мемлекетшіл, тәжірибелі, білікті азамат. Жауапкершілігін жақсы түсінеді. Бұған дейін Үкімет басшысы ретінде нәтижелі жұмыс істеді. Қазір еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын жақсы білесіздер. Бұл мәселе бойынша Құрылтайдың тұңғыш отырысында толығымен айттым. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуда. Түрлі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алдық. Алда әлі де көп жұмыс істелуі керек. Жалпы, еліміздің Тәуелсіздігі мен Егемендігін нығайтуға, мемлекетімізді одан әрі дамытуға қатысты мәселелер әлі де күн тәртібінде тұр. Бұл мәселелерді бәріміз бірге ойдағыдай, сәтті шешуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.…

Read More