Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 30 қыркүйек.  Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда жапониялық Мицуки Кондоға есе жіберді.114:28

Read More

Caspianlife, 30 қыркүйек.  Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда жапониялық Хаято Кондоға есе жіберді.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек. Атырауда ЖРВИ маусымы ресми басталмай тұрып-ақ инфекциялық ауруханаға жүгінгендер саны айтарлықтай артқан. 1-20 қыркүйек аралығында қабылдау бөліміне 2 мыңнан астам адам жүгінген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,6 пайызға көп. Ауруханаға жатқызылғандар саны да 20,7 пайызға өскен. Медицина мамандарын әсіресе бір жасқа дейінгі балалар арасындағы жағдай алаңдатып отыр. Өткен жылдың қыркүйегінде осы жастағы 84 сәби ем қабылдаса, биыл олардың саны 176-ға жеткен. Пневмониямен ауырғандар саны да өткен жылғы 56 жағдайдан биыл 139 жағдайға дейін өскен. Қазір дәрігерлер дәл осы кішкентай науқастарға, сондай-ақ пневмония және басқа да респираторлық асқынулары бар науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге ерекше…

Read More

Caspianlife, 30 қыркүйек. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Айбек Қосуақұлы Қосуақов 1975 жылғы 15 қазанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Ұштаған ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, 2013 жылы Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ-да мұнай және газ өндіру цехының тұзсыздандыру және құрғату қондырғысының операторы болып бастаған. 2001 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның ұңғымаларды терең зерттеу зертханасында ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары «Жазық» АҚ-ның әлеуметтік…

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек. Атырау қаласының әкімі болып “Атырау” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Данияр Таханов тағайындалды. Данияр Таханов 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003-2007 жылдары Қытай мұнай университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2007-2009 жылдары аталған университетте экономика саласында магистратурада білім алып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының Қытайдағы өкілдігінде мұнай жабдықтары бөлімінің менеджері қызметінен бастады. 2009-2010 жылдары «НГСК КазСтройСервис» АҚ-да жобаны басқару жөніндегі көмекші – халықаралық және арнайы жобалар бойынша бас директордың орынбасары қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары осы компанияның Атыраудағы халықаралық және арнайы жобалар департаментінде сатып алу…

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек. Оқу-ағарту министрлігі мектептерде оқушылардың смартфон пайдалану қағидаларын бекітті. Бұйрық 9 қазаннан бастап күшіне енеді. Енді білім алушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі: Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқу мақсатында, яғни тапсырманы орындау үшін қажет болса; Оқушының өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда; Денсаулық жағдайы бойынша ұялы байланыстың пайдалану қажеттілігі туындаса. Яғни, қалған жағдайларда ұялы телефонды қолдана алмайды. Оқушы сабақ барысында телефонын өшіруі немесе дыбыссыз режимге қоюы тиіс.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек. Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. 2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Ти Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек. Қазақстанда егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бес өңірде егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Ал негізгі астықты өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында жұмыстар шарықтау шегіне жетті. Үкімет отырысында атап өтілгендей, басты міндет – егін жинау науқанын уақытында аяқтап, жиналған өнімді ысырапқа жол бермей, сапасын төмендетпей сақтау. Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы маусымның оңай болмағанын атап өтті. «Биылғы ауыл шаруашылығы маусымы оңай болған жоқ. Аномальды қуаңшылыққа байланысты өнімділікке қатысты елеулі алаңдаушылық туындады. Алайда қабылданған агротехникалық шаралардың арқасында орташа өнімділік көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болады деп күтілуде. Астықтың сапасы да жоғары деңгейде: сақтауға қабылданып жатқан бидайдың 74 пайыздан…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек.  Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында бір түнде 126 қой қырылып қалды. Бір табында болған мал шамамен он шаруа қожалығына тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, қойлар даладағы суаттан су ішкен. Малдың қырылуының нақты себебі зертханалық сараптамадан кейін анықталады. Малдың қырылғаны туралы хабар 28 қыркүйекте аудандық ветеринариялық станцияға түскен. Мамандар дереу оқиға орнына барып, қырылған малдардың өлекселері мен су көздерінен сынама алған. Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Нұралы Садықұловтың айтуынша, тағы 84 мал аман қалған. Қазір олар ветеринар мамандардың бақылауында. «Оқиға орнына барып, жағдайды бағаладық. Жұқпалы ауруларға күдік жоқ: малдар жайылымға шығып, өздігінен су ішіп, жайылып жүр. Бақылау жұмыстары жалғасады.…

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек.  Маңғыстау облысында 2026 жылдың екінші тоқсанында тұрғындардың 7 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған. Көршілес Атырау облысында бұл көрсеткіш 3,2 пайызды құрады. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы халық табысының саралануына арналған жарияланымында келтірді. Маңғыстау аз қамтылған халықтың үлесі ең жоғары өңірлердің қатарында. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында (8,4%), Абай облысында (7,6%) және Жетісу облысында (7,2%) жоғары. Маңғыстауда табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар саны 57 580 адамды құрады. Осы көрсеткіш бойынша облыс алғашқы бестікке енді. Аз қамтылған тұрғындар саны ең көп өңір — Түркістан облысы (180 948 адам). Одан кейін Алматы облысы (72 455), Шымкент қаласы (69…

Read More