CaspianLife, 16 қыркүйек. Қарашығанақ кен орнында 7 қыркүйекте басталған жоспарлы жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін жалғасады. Осы кезеңде мұнай өндіру көлемі шамамен 400-450 мың тоннаға төмендейді. Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрлігі «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне хабарлаған.
Ведомствоның мәліметінше, жөндеу жұмыстары 2026 жылғы 7 қыркүйекте басталған және қазіргі кестеге сәйкес 1 қазанға дейін жүргізіледі.
«Жөндеу кезеңінде мұнай өндіру көлемі шамамен 400-450 мың тоннаға төмендейді», – деп хабарлады министрлік.
Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ кен орнында жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында жүргізілетінін айтқан болатын. Министрдің сөзінше, жөндеу жұмыстары елдегі мұнай өндіру көлеміне айтарлықтай әсер етпейді.
Айта кетейік, маусым айында Қарашығанақта мұнай өндіру көлеміне шектеу қойылған еді. Ол кезде шектеу мұнайды Орынбор газ өңдеу зауытына жөнелтудің уақытша тоқтатылуына байланысты болған.
Дереккөз: «Капитал»

