Caspianlife, 13 мамыр. Қалада масаға қарсы кешенді өңдеу жұмыстары басталып, дезинсекцияға арнайы 2 дрон қолданылып, жетуі қиын аумақтар әуе арқылы өңделуде.
Жұмыстар қала аумағында, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен подъездерінде, сондай-ақ су айдындарында жүргізіліп жатыр.
Мамандар қолданылатын препараттардың адам денсаулығына және жануарларға зиянсыз екенін айтады. Өңдеу жұмыстары кешкі уақыттан түн ортасына дейін жүргізіледі.
Жұмыстарды ТОО “AG Disinfection Services” мекемесі атқаруда.

