Caspianlife, 14 мамыр. 12 мамырда Астанада классикалық шахматтан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Турнирдің басты қаһарманы атыраулық 16 жастағы Зарина Нұрғалиева болды — ол блицте барлық қарсыластарын жеңіп, әйелдер арасында «алтын» иеленді.
Әйелдер турнирі аса тартысты өтті: 13 турдың қорытындысы бойынша бірден төрт шахматшы 9 ұпайдан жинады. Титул тағдырын тай-брейк шешті. Финалдық блиц-партияларда Зарина мінсіз ойын көрсетті — Меруерт Камалиденованы 2:0 есебімен жеңіп, ел чемпионатының алтынын атыраулық спортшы қоржынға салды.
Заринаның еншісінде бұған дейінгі Қазақстан чемпионаттарының «қола» және «күміс» жүлделері, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтыны және 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы блицтен әлем чемпионы атағы бар. Енді, міне — ересектер арасындағы ұлттық «алтынға» да қол жеткізді. Келесі қадам — Олимпиада: қыркүйек айында Зарина Самарқандта өтетін 46-шы дүниежүзілік шахмат біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді.
Оның бұл жеңісі үлкен трендтің бір бөлігіне айналды: қазақстандық шахмат жастардың өрлеу кезеңін бастан өткеруде және Атырау осы тарихтың нақ ортасында тұр.

