Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 қаңтар — Атырау қаласының әкімдігі «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды CaspianLife. Қалалықтар биыл да көгалдандыру, жарықтандыру, ойын мен футбол алаңдарын салу сынды 7 бағыт бойынша өз жобаларын ұсына алады. Ол үшін өздеріне қажетті объектінің жобасын әзірлеп, оған кететін қаржының көлемін көрсетіп, арнайы порталға тіркеуі тиіс. Өтінішті сараптамалық кеңес қарап, бір шешімге келеді. Кейін мақұлданған жобаны іске асыру үшін ашық электронды порталда конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталады. «Әрбір тұрғын жеке тұлға мекен-жайына байланысты салғысы келсе, мысалы, ойын алаңын салғысы келсе шығындарын есептейтін смета дейді ғой, сметасы порталға салу арқылы және дейінгі/кейінгі фотоларын салу арқылы жүзеге…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Ұлыбританияның ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлерге орналастырылған 200 босқын бала із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін Observer басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, босқын балалар Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігіне қарасты қонақүйлер маңында ұрланғанын жазған. «Ішкі істер министрлігінің бұл қонақүйлерден пана іздеген балаларды ертіп жүруінсіз ұстауға құқығы жоқ. Біз олардың кейбірі із-түзсіз жоғалып кеткенін білеміз», — деді Ұлыбритания ішкі істер министрінің орынбасары Саймон Мюррей. Ол із-түзсіз жоғалғандар тізімінде қазіргі уақытта 200 бала бар екенін айтты. Вице-министр олардың 88 пайызы Албания азаматтары екенін атап өтті. Британдық ІІМ 2021 жылдың шілдесінде қонақүйлермен келісім-шарт жасай бастады. Содан бері…

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында бортында жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды CaspianLife. Кеме бортында 22 экипаж мүшесі болған: 14 КХР азаматы және сегіз Мьянма азаматы. Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Ол сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті.Жағалау күзетінің мәліметінше, екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген. 1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді. Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.

Read More

CaspianLife, 25 қаңтар — Қаладағы №21 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың онлайн оқу тәртібіне көшіріліп, мектеп ғимаратының зарарсыздандырылуын талап етуде, деп хабарлайды CaspianLife. Оған туберкулезбен ауыратындығы белгілі болған оқу орны басшысының іс-әрекеті себеп. Өйткені директор өзінің сырқаты туралы біле тұра, жұмысқа келіп-кетіп жүрген. «Мен мектептің дұрыстап тұрып зарарсыздандырылуын талап етемін. Ғимарат таза, ұстаздардың бәрі сау демей көңіліміз жайланбайды. Және мұны эпидемиологтардың растауы қажет. Ал оған дейін балаларды сабаққа жіберудің мәні жоқ деп есептеймін» — деді ата-ана Гүлнар Өтебалиева. «Біз балаларымыз үшін алаңдап отырмыз. Мектеп директорының мыңнан астам оқушының тағдырын еш ойламастан, ауырғанын ешкімге айтпай үйде емделуі мүлде ақылға…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Маңғыстаулық жүргізушілер шетелдік нөмірлі көліктерін тіркеуге асығып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife. 1 күннің ішінде орталық қызметкерлерінің көмегіне 100-ден астам жүгінген. Мамандар болса сағаттап кезек күтпей, өтінішті онлайн форматта да беруге болады дейді. «Барлық қызмет көрсету орталыққа онлайн өтінім беруге болады. Еговмобайл мобильді қосымша арқылы» — деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ МОФ директорының орынбасары Манарбек Сейілов. Жүргізушілердің басым бөлігі көліктерін тіркеу кезінде қиындықтарға тап болғанын айтады. Әсіресе, Армениядан машина сатып алғандар. Енді олар көліктерін өзімізге есепке қою үшін Арменияға қайта барып, мемлекеттік тіркеуден щығарулары тиіс. Полицейлер мұндай киындықтың туындауына Арменияның өтініштерді интернет арқылы қабылдамайтындығы себеп…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт бой көтеруі мүмкін, деп хабарлайды CaspianLife. Бұл жоба іске асса, тәттіні алыстан арбаламай-ақ, жақыннан дорбалайтын күн алыс емес. Мұны Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары айтты. Олардың сөзінше, биыл тек 6 гектар аумаққа тәжірибе жүзінде қант қызылшасы егіледі. Мамандар «қант қызылшасын өсіру — егіншілер үшін қиындық тудырмайды. Өйткені көкөніс күтіп-баптауды аса қажет етпейді және тұзды жерде өсе береді» дейді. «Қазірше Жайықтың екі жағына екі шаруашылықпен келісіп отырымыз. Қант қызылшасын егіп қарау. Ондағы мақсат қандай? Біздің жерімізде еңбектен де қант қызылшасының 1 гектарынан қанша өнім алуға болады? Оның өндірілген өнімі ішінде қанттың…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Ауғанстанда соңғы екі аптада қалың қар мен аяздан 104 адам құрбан болды, деп хабарлайды CaspianLife. Шафиулла Рахими жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Тахар, Бадахшан, Нимроз, Кандагар, Лагман, Газни, Урузган, Джаузджан, Сари-Пуль, Фарьяб, Пактик, Балхе, Саманган, Бамиан қалалары мен елдің өзге де бірқатар аймағында балалар мен әйелдерді қоса алғанда аяз салдарынан соңғы екі аптада 104 адамның құрбан болғанын мәлім етті. Ауғанстанда жылыту жүйесі жоқ, сондықтан тұрғындар жылыну үшін көбіне көмір, ағаш пен сұйытылған газды пайдаланады және елде газдан уланып, көмірқышқыл тотығынан қайтыс болу жағдайлары жиі болып тұрады. Ауғанстанда қаңтар айының басынан-ақ күн қатты суытып, қалың қар жауды.…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Дүйсенбіде еуроның 2022 жылдың сәуірінен бергі долларға қатысты бағамы ең жоғары мәнге жетті. Қазіргі уақытта 1 еуро 1,0927 долларды құрап отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі көрсеткіштер өткен жылдың жазындағы еуро бағамынан шамамен 15% жоғары. Осы кезеңде энергия бағасының күрт өсуі еуроның жиырма жылдық ең төменгі деңгейіне — 0,9536 долларға дейін құлдырауына әкелген еді. Дегенмен әлі де көптеген экономистер мен банктер еуроаймақтың экономикалық болашағы бұлыңғыр деп есептейді: бельгиялық l’Echo газеті биылғы бірінші тоқсанда еуроаймақ техникалық рецессияға ұшырайды деп болжап отыр, ал Дүниежүзілік банк 2023 жылы еуроаймақ 0%-тік өсім көрсетеді деп жорамалдайды. Былтырғы маусымда бұл болжам 1,9% дейнгейінде…

Read More

CaspianLife, 24 қаңтар — Кягытхане-Ыстанбұл әуежайындағы метро желісі жобасымен Түркия бүкіл әлемге метро құрылысы саласындағы өзінің күші мен мүмкіндіктерін дәлелдеді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 34 шақырымдық метро желісінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды CaspianLife. Түркия президенті сегіз станцияны қамтитын жаңа метро желісінің Қягытхане ауданынан Ыстанбұл әуежайына дейінгі қашықтықты 24 минутта өтетінін атап өтті. «Тәулігіне 800 мың жолаушыны тасымалдайтын жаңа метро желісінің ашылуы Ыстамбұл үшін тарихи оқиға», — деді Түркия президенті Ердоған. Түркия басшысы құрылыс барысында отандық материалдарды пайдаланған түрік инженерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Ел президенті сондай-ақ, Ыстанбұл әуежайынан Халкалы аймағына дейінгі метро желілерінің, сондай-ақ мегаполисте бірнеше…

Read More