Өзбекстан азаматын бопсалап, жарты миллион теңге талап еткен екеу ұсталды. Өздерінің қаржылық мәселесін қарақшылықпен шешкісі келген 37 және 41 жастағы ер адам шетелдік жігітті көшеден ұстап алған соң оны ақша алып келуге жіберген. Осы кезде екеудің құрығынан босап шыққан азамат дереу полицейлерге хабарласып, арызданған. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы: – Ұсталғандардың бірі – осыған дейін сотты болған Жылыой ауданының тұрғыны тергеу абақтысына, ал екіншісі үй қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау облысындағы Маңғыстау ауданы оқушыларының қашықтан оқуын жүйелі ұйымдастыру мақсатында 858 дербес компьютер сатып алынған. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Қалиева айтты. Оның айтуынша, компьютерлер көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылады. Әр мектепте арнайы тізім жасақталған. Светлана ҚАЛИЕВА, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің басшысы: – Жаңа оқу жылында аудан мектептеріндегі сабақты 1–11 сыныпты шамамен 8 740 және дайындық сыныбын 1 020 оқушымен бастағалы отырмыз. Маңғыстау ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі, 1 балалар өнер мектебі қызмет етеді. Осы мектептердің ішіндегі 10 білім ордасында 1 сыныпқа баратын оқушыларға қосымша топ…
«Самал» тұрғын үй массивінен Жаңа қоныс тұрғын үй массивіне дейін жалпы ұзындығы 2,2 шақырым болатын жол құрылысы басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округінің әкімі Жамбыл Құрманов айтты, деп хабарлайды Маңғыстаумедиа сайты. Жамбыл ҚҰРМАНОВ, Басқұдық ауылдық округінің әкімі: – Болашақ тұрғын үй массивіндегі 1,3 шақырымды құрайтын айналма автомобиль жолының және Ақтау–Маңғыстау, Ақтау–Ақшұқыр автомобиль жолына қосылатын 4,3 шақырымдық жолдың құрылыс жұмыстары басталды. Аталған құрылыс жұмыстары келісімшартқа сәйкес аяқталатын болады. «Рахат» тұрғын үй массивінде орналасқан «Мейрамгүл» дүкенінен бастап Ақтау қаласы, Шығыс-1 ықшамауданына дейін 2 шақырым болатын және №9 орта мектептен Ақтау–Жаңаөзен бағытындағы автомобиль жолына дейін 3 шақырымдық жолдардың…
Атырауда Әли Оқаповқа қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Әлеуметтік желідегі түрлі парақшаларда эстрада әншісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың атыраулық аруға үйленген сәтінен фотолар жарияланған еді. Онда әншінің ұлы «Асыл» тобының мүшесі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтеру сәті бейнеленген еді. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің той, отбасылық жиындар өткізуге шектеу салғанына қарамастан, 19 тамызда Атырау қаласының «Самал» ықшамауданындағы жеке үйде өткен отбасылық қыз ұзату шарасына бірнеше адамнан тұратын тума-туыстар…
Армян көліктерін тіркеу әзірге тоқтамайды. Қазір Атырауға әкелінген тіркеуге рұқсаты бар көліктердің 97 пайызы сары нөмірді иемденген. Ал қалған үш пайызы кез келген уақытта мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркеле алады. Атырауда оң рөлді немесе рөлі сол жаққа ауыстырылған автокөлік иелерін қоспағанда әлі 130 темір тұлпар тіркелмей тұр. Қазір мамандар оның себебін анықтап жатыр. Әзірге белгілісі, өңірге 53 армян көлігін кіргізген 7 адамның қайтыс болғанына байланысты аталған мәселе мұрагерлері арқылы шешіледі. Дегенмен сатып алған шетелдік машинасын бұрынғы иесінен өз атына заңдастырмай жүргендер де кездеседі. Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, Атырау облыстық ПД ӘП басқармасының бастығы: – Біз тіркелмей қалғандардың себебеін анықтаудамыз. Айыппұл…
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. 1 тамыздан бері ауру жұқтырғандардың саны 26 322-ге жетсе, 301 адам қайтыс болған. Ал жазылып шыққандардың саны 5 773 жетті. Маңғыстау облысында соңғы 5 тәулік бойына дерт жұқтырған бір де бір жағдай тіркелмеді. Ал Атырауда соңғы тәулікте 5 адамнан коронавирустың белгілері анықталды.
Қыркүйектің басындағы есеп бойынша, COVID-19-бен күресуге тартылған 1111 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына ақша аударған. Жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдерді жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі. COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтырғаны үшін төлем алғандардың…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған құқық қорғау саласы мен сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы өзгерістердің басты мақсаты – заң үстемдігін, әділеттілікті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жиында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудің үш буынды моделін құру және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі өкілеттіліктерінің ара-жігін ажырату мәселелеріне басымдық берілді. Президент аталған жүйе заңдылық пен әділеттілікті қалыптастыру механизмінің кепілі болуға тиіс екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, құқық қорғау органдары басшыларына…
Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты 16-үйдің тұрғындары ойын алаңына тиесілі жердің заңсыз иемделгенін айтып шағымдануда. Таң атысымен наразылық білдірген олар кәсіпкер мен әкімдіктегілердің іс-әрекеті қытықтарына әбден тигенін жеткізді. Ерлан ӘМІРҚҰЛОВ, Атырау қаласының тұрғыны: – Қалалық әкімдік бізді жер қатынастарын тексеру бөліміне жіберді. Бізге ол жақтан хат жіберді. Президенттің тапсырмасымен жеке кәсіпкерді тексере алмаймыз дейді. Жарайды, онысымен келісеміз. Бірақ біз салығын тексерсін деп жатқан жоқпыз. Жауапты мекеме ретінде келіп, құжаттарының дұрыстығын көрсетсін. Біз осының заңды екеніне көз жеткіміз келеді. Элитарлық мектеп-балабақша кешенінің аумағы алғашында мұндай кең болмаған. Кезінде балалар асыр салып жүрген жерде қазір қариялар бел жазатын орын да жоқ. Кәсіпкер бұл жерді…
Бүгін таңертеңгі сағат сегіз шамасында Атыраудағы Махамбет пен Бейбарыс көшелерінің қиылысында адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты болды. Оқиғаға «Лада Ларгус» жеңіл автокөлігі мен қос бірдей автобустың қатысы болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа көше қиылысындағы істен шыққан бағдаршам себеп болуы мүмкін. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан «Лада» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі сол жерде жан тапсырса, көліктегі жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілген көрінеді. Ал түрлі дене жарақатын алған автобустың 7 жолаушысына дереу алғашқы медициналық жәрдем берілген. Қазір осы жағдай бойынша ҚК-тің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
