Мұнайлы өңір халқы 650 мыңға жетті. Тұрғындар өткен жылмен салыстырғанда 12 мыңға артып, Атырау облысы елорда, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстаудан кейінгі бесінші орынға тұрақтады. Облыс халқының тең жартысы ауылдық жерде тұрады. Олардың ең көп қоныстанған аудандары — Жылыой, Құрманғазы және Индер. Сонымен қатар, туу коэффициенті де өсіп отыр. Маржан ӘКІМОВА, Атырау облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы: —Облыс халқы жыл басынан бері 6 423 адамға немесе 1,3 пайызға өскен болатын. Қаңтар-шілде айында 9 821 сәби дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда, 30,4 пайызға немесе 180 сәбиге артық. Ал ел тұрғындарының саны бірінші тамыздағы мәліметке сәйкес, 18 миллион 768-ге жетіп отыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
KazService журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік мұнайшыларының рейтингі жарияланды. Оған бизнесмендер, мұнай-газ компаниялары мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары енді. Биылғы оңай емес кезеңде бұл тізім жаңа он адаммен толықтырылды. Сонымен, алғашқы ондыққа Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев кірді. Ал үздік елулікке Ноғаевтың кезінде әкім орынбасары болған, қазіргі энергетика вице-министрі қызметіндегі Жұмабай Қарағаев енді. Бұрын бұл тізімнің үшінші орнында тұрған Махамбет Досмұхамбетов биыл көрінбеді. Рейтингті құру кезінде компанияның құны, әлеуметтік және экономикалық маңызы мен үміткерлердің лауазымы сынды критериялар назарға алынды.
Атырауда мұнайшылар күні аталып өтті. Қара алтынды өндіріп, талмай еңбек етіп жүрген мұнай-газ кешеніндегі компания өкілдері Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде бас қосты. Жергілікті биліктен бастап, 36 компания республикада мұнай-газ саласы кадрларын даярлайтын бірден-бір мамандандырылған жоғары оқу орнына қолдау көрсетуге білек сыбана кіріскен. Ол үшін оқу орны жанынан индустриялық комитет пен қамқоршылық кеңесі де құрылған. Комитетке мүше мекемелер университеттің даму стратегиясына, оқу процесіне қатысу мүмкіндігіне ие. Нақтырақ айтсақ, мұнай-газ, геология саласындағы компания қызметкерлері оқу орнына келіп, білім алушыларға дәріс беріп, тәжірибемен бөліседі. Қамқорлық кеңесті облыс әкімі басқарады. Оған «Теңізшевройл», «НКОК», «Ембімұнайгаз», «АМӨЗ», «Каспиймұнайгаз», «КМГ Инжиниринг» секілді ірі…
Өңірлік Бас редакторлар клубының кезекті мәжілісі Индер ауданында ұйымдастырылды. Дендер топырағына қадам басқан облыс журналистері алдымен қазақ позиясының алыптары – Мұрат Мөңкеұлы мен Табылды Досымовтың ескерткіштеріне тәу етті. Одан кейін қазақ журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың «Жетілген», «Бодандық пен бостандық» және аудан жастарының шығармаларын топтастырған «Жалын жүрек жырлайды» кітаптарының түсаукесеріне қатысты. Атыраудағы «Ағатай» баспасында жарық көрген туындылар оқырмандарға тарту етілді. Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ, «Ағатай» баспасының директоры: – Бүгін өтіп жатқан журналистер күніне орай көп жыл редакторлық еткен Төлеубай Ысқақовтың, Ерсайын Көшековтың жергілікті ақын Самиғолла Ғалымның, жас қызметкер Сұңқар Көшектің кітаптарының тұсаукесері өткізіліп жатыр. Төлеубай Ысқақов аудандық газетте бас редактор бола…
Жол-көлік апаттарына бақташысыз жайылатын төрт түліктің де әсері болатынына көптеген статистика дәлел. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті қажетті шараларды қолға алуда. Апаттың алдын алу үшін жергілікті полицейлер елдімекендердің арасындағы тасжолдарға күні-түні бақылау жасап, қараусыз малды қайырумен жүретінін әркім біле бермейді. Сондай-ақ, жануардың иесі кім екенін анықтап, олармен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Жағдай қайтала берсе, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға да қақылы. Қазіргі уақытта адамдармен қатар жылқы, түйе, сиыр малдары көп жүретін жерлерге арнайы шамдар мен ерекше жарық орнатылып, қатты дыбыс шығаратын жолақ төселген. Сонымен қатар, «КазАвтоДор» мекемесі жолдың бірнеше жеріне жануарларды үркітуге арналған ультрадыбысты құрылғы қондырып, сымды және электрлі қоршау жасаған…
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Нұрлан Ноғаевты қабылдап, министрліктің 7 айдағы жұмысының қорытындылары мен елдің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысына болашақта Теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бұл жобалар 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ Президентке 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы соммасы 15 млрд. АҚШ долларын болатын жобалар жүзеге асыру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қуаттылығы 432,05 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы…
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтардың дербес деректеріне қатысты құқығының бұзылу фактілері бойынша тексеру жүргізеді. Азаматтар жеке деректерінің заңсыз жария болу фактілерін анықтаған жағдайда министрлікке хабарласып, арнайы тексеру жүргізуін сұрай алады. Ол үшін moap@mdai.gov.kz электронды поштасына хат жолдап немесе «Электронды үкімет» порталындағы министрдің жеке блогына жазуына болады. Министрліктің айтуынша, өтініш берген кезде әкімшілік құқық бұзу белгілері бойынша растайтын материалдар, құқық бұзу субъектісі туралы ақпарат және мерзімі сияқты мәліметтер жеткілікті болуы керек. Аноним өтініштер қаралмайды. Министрлік өз кезегінде құқықбұзушыға қатысты тексеру жүргізеді. Әр тексеру ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде тіркеуден өтеді және кәсіпкерлердің…
Бейрут қаласындағы жойқын жарылысқа 1 айдан астам уақыт өткеніне қарамастан үйінділер астанан тірі адам табылып қалуы мүмкін. Чили құтқарушыларының үйретілген иті қираған ғимарат астынан бір тірі жанның жатқанын сезіп, белгі берген. Осыдан кейін мамандар арнайы аппаратпен үйінді астында жүрек соғысына ұқсас дыбыс барын анықтаған. Қазір ит көрсеткен жерде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңалықты ести сала, қаланың көптеген тұрғыны осы ауданға жиналған.
Аппараттық жиын барысында аудан әкімі Халел Жамалұлы осы уақытқа дейін Атырау облысы Құрылыс басқармасы әлеуметтік инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы лауызымын атқарған Қайруллин Ізім Ғалымжанұлы Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы етіп тағайындады. Қайруллин Ізім 1989 жылы 6 тамыз күні Жылыой ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, Халықаралық Білім Беру Корпорацисының, Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру бакалавры.
Атырау облысының балық аулаудағы үлесі еліміз бойынша жалпы кәсіпшіліктің 29%-н болады. Алайда өңіріміз балық өсіру бойынша соңғы орындардың бірінде орналасқан. Балық өсіру үлесі – жалпы қазақстандық өндірістің 0,1%-ы. Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, облыс әкімдігінің тапсырысымен 2019 жылдың қазан айынан бастап «Казэкопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Аквамәдениет және биоалуантүрлілік жағдайын зерттеу негізінде Каспий теңізінің және Жайық-Каспий су шаруашылық бассейні балық ресурстарын молықтыру бойынша ғылыми негізделген шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеудің мақсаты – балық шаруашылығын дамыту және Атырау облысының және Каспий теңізі жанындағы акваториясындағы су айдындарындағы су жануарларының биоалуантүрлілігін сақтап қалу жөніндегі шараларды…
