Өткен 8 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 3,8 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен пара-пар. Дегенмен автокөлік құралдары мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде өсім бар. Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,5 млн тонна жүк, оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9 мың контейнер тасымалдады. 8 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,3 млн тоннаға жетті.
Автор: Сайт әкімшілігі
Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының «Бәйтерек» және «Жаңақұрылыс-2» ықшамаудандарында ұзындығы 5,7 шақырым болатын жол құрылысы басталды. Бұл туралы Қарақия аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин айтты. Жаңа жолдың құрылысы «Жұмыспен қамтудың 2020–2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Алтынқұрық» ЖШС. 419,1 млн теңге жасақталған келісім-шарт бойынша атқарылып жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталу мерзімі биыл қараша айының 15-не жоспарланған. Құрылыс жұмысы кезеңінде 85 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 адам жұмысқа тартылды.
Атырау өңірінде «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысуға 404 адам тіркелген. 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтетін іріктеуде бақ сынаушылар өзінің бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жүргізеді. Бұған дейінгі сайлаулардан ерекшелігі – кандидаттарға тек партия мүшелерінің дауыс бере алатындығында. Сондай-ақ, олар бір ғана емес, бірнеше үміткерді таңдау құқығына ие. Үміткерлер өздері қатысқан кездесулер мен жария дебаттарын желіге жүктей алады. Ал партия мүшелері материалдарды бағалай отырып, дауыс береді. Нұротандықтардың айтуынша, тіркелуші жастар мен әйелдер саны тиісінше 20 және 30 процентке жетуі тиіс. Атырау облысындағы көрсеткіш бұдан 5 пайызға артығымен орындалып отыр.
Атырауда қоғамдық көліктер санитария талаптарын сақтамай тұр. Ал бұл тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді. Қаулыға сәйкес, автобус жолаушылары тек маскамен кіргізіліп, іштегі орындық санынан артық адам кіргізілмеуі тиіс. Осылайша, әу баста әлеуметтік арақашықтық сақталып, қауіпсіз жол жүру жоспарланған еді. Осыдан үш апта бұрын автобусқа бетпердесіз кіру мүмкін болмағанымен қазіргі жағдай мүлдем бөлек. Әлеуметтік арақашықтық пен антисептик туралы жазудың өзі ыңғайсыз. Тіпті, соңғы аялдамаларда жүргізілуі тиіс дезинфекциялық жұмыстар да көзден ғайып болған. Орынбек ЗИРЕК, Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы: – Бақылау орындарында есіктер мен тұтқаларға дезинфекция жасалмайды. Рейдтік тексерулер, түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғаса…
Маңғыстаулық мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. «М-Техсервис» компаниясының бұрынғы 175 қызметкері орнын қайтаруды талап етеді. Олар жағдайдың қиындауына пандемия мен қара алтын бағасының төмендеуі емес, компания басшылығы тікелей кінәлі деп санайды. Себебі, қаңтардан бері тұрақты жұмыс та, уақтылы жалақы да бұйырмаған. Қыдырқожа ДЕМЕУОВ, бұрынғы қызметкер: – Осы тұрған жігіттердің түгелге жуығында несиелері бар. Бала-шаға бағу керек. Қаңтардан бері жұмыс жоқ. Бұл мекеме 6 ай жұмыс істесе, 6 ай үйге жатқызады. Талабымыз біреу – тұрақты жұмыс керек. Ал компания өкілдері жұмысшылардың наразылығы негізсіз дейді. Себебі, олармен жасалған келісімшарттың мезгілі аяқталған. Бірақ қайта шақырту ойда бар көрінеді. Жанат САТАНБАЕВА, компания өкілі: –…
Кеше Атырау әуежайынан Алматыға бағыт алған «FlyArystan» әуе компаниясының ұшағынан техникалық ақау шықты. КС-7201 рейсінің ұшуы барысында желдету жүйесіндегі авионикалық дабыл іске қосылып, экипаж мүшелері кері қайтуды шешкен. Куәгерлердің сөзіне сенсек, әуе кемесі Атыраудың аспанын бір сағат бойы айналыпты. Ал компания өкілі ұшақтың не себепті бірден қондырылмағанын былай түсіндірді: Ләззат НӘБИЕВА, «FlyArystan» әуе компаниясының баспасөз хатшысы: – Әуе кемесінің қондыру салмағын азайту үшін жанармайдың таусылуын күтуге тура келді. Ұшақ штатты режимде жерге қонағаннан кейін «ЭйрАстананың» инженерлік қызметі техникалық тексеріс жүргізді. Жарты сағат ішінде әуе кемесі эксплуатациядан өтіп, ақау қалыпқа келтірілді. Жолаушыларды қондырып, кері тіркеуден өткізуге бір сағат 40 минут уақыт…
Атырау облысы бойынша 722 жұп жасанды ұрықтандырудың кезегінде тұр. Ал ақылы клиникалардың тіркеу журналындағы сан бұдан 4 есе көп. Бұған еш жерге тіркелмеген ерлі-зайыптыларды қосыңыз. Мамандардың айтуынша, бедеуліктің алдын алуға биыл 37 квота бөлінген. Дегенмен бұл да аз, себебі, келушілер жыл санап көбеюде. Гүлсара БАСАРОВА, Адам ұрпағын өрбіту орталығының директоры: – 37 квота облысқа аздық етеді. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квотаны 7000-ға дейін көтеру – өте үлкен жаңалық. Әдетте мекемеге жүгінгендердің жартысына жуығының емі сәтті аяқталып, ата-ана болу бақыты бұйырып жатады. Сондай баққа ие болған жанның бірі – 35 жастағы келіншек. Аты-жөнін жасыруды сұраған оның сөзінше,…
Коста-Рика ғалымдары жылқылардан алынған антиденелер негізінде коронавирусты емдеудің арзан әдісін сынауды бастайды. Біраз уақыт бұрын жылқыларға COVID-19 тудыратын SARS-Cov-2 вирусы егілген еді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Препаратты сынауға 26 пациент қатыспақ. Дәріні Коста-Рика университетінің Клодомиро Пикадо институты (ICP) әзірлеген. Коста-Рика билігі зерттеудің екінші кезеңі сәтті өтсе, дәрі-дәрмекті ауруханаларда кеңінен қолдануға үмітті. Бүгінде Коста-Рикада коронавируспен ауыратын 471 науқас стационарлық ем қабылдауда. Мұндай зерттеулер Аргентина мен Бразилияда да жүріп жатыр.
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 16 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 217 адам емделіп шықты. Ал 1 тамыздан бері барлығы 27 778 адам ауырса, 315 өлім жағдайы тіркелген. Жазылып шыққандардың саны – 6 176. Сондай-ақ, Атырауда соңғы тәулікте 3 адамнан ауру анықталса, Маңғыстау өңірінде бірде-бір науқас тіркелмеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайты 2020 жылғы тамыз айындағы Маңғыстау облысының ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін жариялады. Орташа есеп бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 42 667 теңгеге жеткен. Нақтырақ айтсақ, 13 жасқа дейінгі балалар үшін 38 288 теңге керек болса, 14–17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздардың қажеттілігіне тиісінше 53 003 және 40 610 теңге жеткілікті болған. Ал 18 жастан асқан еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер бір айда 49 969 және 39 631 теңге жұмсаған көрінеді. Сондай-ақ, статистикада зейнеткерлер мен қарт адамдарға 39 346 теңге керектігі жазылған. 13 жасқа толмаған балалардың азық-түлігіне 21 058 теңге қажет болса, басқа тауарлар мен ақылы қызметтерге 17 230…
