Автор: Сайт әкімшілігі

Бүгін Қаражанбас кен орнында компания өзінің тарихи кезіңіндегі мұнайдың 55 миллионыншы тоннасын өндірді. Бұл туралы мекеменің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. Жазбада барша қаражанбастықтарды атаулы мерейтоймен құттықтай отырып, күллі еңбек ұжымына мұнай өндіруді ұлғайту жолындағы табанды еңбекте қол жеткізген айтулы жұмысы мен өндірістік көрсеткіштері үшін алғыс білдіретіні жазылған.

Read More

Маңғыстау облысында «Батыс-2020» стратегиялық әскери оқу-жаттығуы өтті.  Асылхан МҰҚЫШЕВ, теңіз жаяу әскері бригадасы командирінің орынбасары: – Әскери оқу-жаттығу өз мақсатына жетті деп есептейміз. Барлық операция үшін 30 минут берілді. Осы уақытта мүмкіндігімізді толық көрсеттік. Жаттығуға тәжірибелі әскерилермен қатар жас сарбаздар да қатысты. Тәжірибе алмасты, кәсіби біліктіліктерін шыңдады. Жаттығуға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық әскери маман мен 130 техника жұмылдырылды. Ел қауіпсіздігі үшін әскердің жоғары дайындығы аса маңызды. Асылхан Мұқышевтың айтуынша, осындай жаттығуларды кезең-кезеңмен өткізу – міндет.

Read More

Биыл тамызға дейін Атырау қаласы аумағында түрлі жағдайдағы 110 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың салдарынан 2 адам қаза тапса, 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алған. Негізгі себептері – электрлік және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау. Соның кесірінен материалдық шығын келіп, тұрғындар баспанасынан айырылған. Тіпті адам қазасы тіркелді. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі» ММ қызметкерлерімен және жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп, тұрғын үй секторларын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Read More

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары сотталды. Шенеунік осыдан бірнеше ай бұрын пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, аудандық сот қызметін асыра пайдалып, алаяқтық жасады деп айыптады. Себебі, ол аз қамтылған тұрғындар үшін медициналық маска сатып алу мақсатында кәсіпкерлерден жинаған 125 мың теңгені жеке қажеттілігіне жұмсаған. Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АОД басшысының бірінші орынбасары: – Ол туысқандарының атына тіркелген ЖШС мен жеке кәсіпкерлікті өзі басқарған және оларға жұмыс барысында артықшылық білдірген. Балықшылар күніне арналған іс-шараны өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысынан 150 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын иемденген. Сонымен қатар, өндірістік коперативтердің біріне 500 мың теңге…

Read More

Өзінің айтуы бойынша, ақтаулық тұрғын Оксананың 1-ықшамауданда тұрып келе жатқанына 13 жылдай болған. Яғни, пәтерді 2006 жылы сатып алса да, онда 2007 жылы ғана көшіп барған. Бұл туралы inaktau.kz сайты хабарлады. – 2007 жылдың 23 ақпан күні осындай жағдайды анықтадық. Бұл – жаңа қонысқа енді-енді орналасып жатқан кез. Ол уақытта үй кітапшасы болды. Бірақ онда өзімізден басқа ешкім жазылмаған еді. Дегенмен «жасырын» тіркелгендердің қатарында осы пәтердің бұрынғы егесі де бар. Оксананың айтуынша, ол адам сол кездің өзінде-ақ кәрілікке жеткен әйел болыпты. Жер қойнына тапсырылғанына да біраз жыл өткен. Ал қалған адамдардың қайдан пайда болғаны белгісіз. Пәтер иесі бар пәленің ХҚО жақтан…

Read More

Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 347 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 28 575 адам дер жұқтырса, 317 науқас қайтыс болды. Ал жазылып шыққандардың саны 6 605 жетті. Атырау облысы бойынша 8 адамнан коронавирус белгілері анықталған. Сондай-ақ, бірнеше күннен бері ауру байқалмай келген Маңғыстау өңірінен 2 науқас тіркелді.

Read More

Атырау облысында мұнай кен орны сатылымға шықты. Құны көптің назарын аудармай қоймады, бақандай 50 миллиард теңгеге бағалаған. 135 млн тоннадай қоры бар кәсіпорын шұлықпен бірге сатылып, жарнамалық сайттың шырайын келтірген. Ал энергетика министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес, сатылымның заңдылығын жоққа шығарды. Оның үстіне, үлкен көлемді қоры бар кен орны Атырауда мүлдем тіркелмеген. Соған қарағанда, жарияланған жарнама әзіл болуы мүмкін екені айтылды.

Read More

Қытай мен Үндістан арасындағы шекарада атыс болды. Бұл туралы «Хабар 24» порталы хабар таратты. Қос тарап бір-бірін айыптап отыр. Қытай әскери өкілінің мәлімдеуінше, Үндістан жауынгерлері қос ел арасындағы нақты бақылау сызығынан асып өтіп, келіссөздерге дайындық білдірген қытай сарбаздарына оқ атқан. Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Үндістаннан қауіпті қимылдарды дереу доғарып, алғы шептегі әскерін мұқият бақылауды талап еткенін айтты. Айтуынша, олар болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін оқ атқан сарбаздарын тауып, жазаға тартуы тиіс. Ал Үндістан жағдайдың асқынуына қарсы тарапты кінәлі деп отыр. Олар Қытай жауынгерлері алғы шептегі бекеттерінің бірін қоршауға тырысып, оқ атқанын алға тартуда. Үндістан әскери өкілінің…

Read More

Өңірде карантиндік шектеулер жеңілдетілгелі бірқатар жұмыс орны жанданды. Бұл тізімге автовокзал, қала және ауданаралық көлік қатынасы да қосылды. Дегенмен санитария талаптарын сақтау міндетін ешкім кейінге қалдырған жоқ. Бетперде тағу, кіріп-шыққан сайын дене қызуын тексеріп, қолды залалсыздандыру тәртібі сол қалпында қатаң күйде сақталмақ. Ерлан СӘРСЕНҒАЛИЕВ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: – 3 қыркүйектен бастап Атырау облысы аумағында облыстық бас санитардың қаулысына сәйкес облыстық маршуттар өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, Атырау–Құлсары, Атырау–Индер, Атырау–Махамбет, Атырау–Мақат бағытында жол жүрушілер автобекетке кірерде міндетті түрде термометрия және санитарлық шараларға байланысты бекітілген шараларды сақтауға міндетті.

Read More

Маңғыстау облысында карантиннің салдарынан тұралап қалған тұз үңгірінің ісі кері жанданды. Былтыр ғана ашылған емдік орынның тұрақты келушілері бар. Кәсіпкер мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың тегін емделуіне жағдай жасалғанын айтты. Жәмила ЖАЛҒАСОВА, кәсіпкер: – Бір күнде 10 адам келеді. Өткен айдың 17-не жұмысымызды бастадық. Жұмыспен қамту орталығынан 4 адам алып, жұмыс тауып бердім. Ең бастысы, өкпе, тыныс алу жолдарын тазартады. Тұз үңгірі үлкен қалалардағы санторийлерде ғана болады. Ақтауда 2-3 жерде кездеседі. Ал біздің Мұнайлы ауданында біреу-ақ. Тұз терапиясы – пандемия кезінде таптырмайтын әдіс. Мұны кез келген емделуші мойындайды. Денсаулығы сыр берген жанға тұз үңгірі санаториймен тең. Мұндай киелі орынның ауылдық жерде…

Read More