Жылыой ауданында жалпы орта білім беретін 20 мектеп бар. 2020–2021 оқу жылында 18 000-нан астам шәкірт білім алуда. Оқу жылының басталғанына он күн өтті. Құлсарылық Жанар Сейітқалиева ұлдарын №15 С.Қарабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің кезекші сыныптарында оқытуға өтініш берген. Қазір балалар оқу орнына аяқтай барып, тәлім алуда. Жанар СЕЙІТҚАЛИЕВА, ата-ана: – Екі ұлым осы кезекші сыныптарға өзімнің өтінішім бойынша қабылданды. Сыныптар ережеге сәйкес дизенфекцияланды, яғни барлық ережелер қалыптастырылған. Мектепте санитарлық талаптар сақталған. Қазіргі пандемияға байланысты тезірек еліміз аман болып, оқушыларымыз бір бірімен қауышсын деп тілеймін. Жалпы аудан бойынша бірінші және төртінші сынып аралығында 8 000-нан астам бала оқиды.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 353 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Оған қоса 37 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 28 928 адам ауырса, 318 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, жазылып шыққандардың саны 6 642 жетті. Ал кеше Атырау облысында 6 және Маңғыстау облысында 1 адам тіркелді.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» газетінің ресми сайты хабар таратты. Хабарда күдіктілерді Атырауға арнайы астанадан келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері қолға түсірілгені айтылған. Одан басқа нақты ақпарат жоқ.
Олардың арасында учаскелік инспекторға арналған тұрғын үймен біріктірілгендері де бар. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөзі хабар таратты. Қазір өңірде 92 учаскелік полиция пункті бар, оның 27-сі облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан. Тек соңғы екі жылдың өзінде бірден 18 учаскелік полиция пункттері берілсе, оның ішінде 12 тұрғын үймен бірге жабдықталып, пайдалануға берілді. «Пәтер + Жұмыс кабинеті» қағидаты бойынша жаңа полиция пункттерін салу тәжірибесі 2018 жылы басталды, яғни ғимараттың бір бөлігі кәсіби қызметке арналған, ал екінші жартысы учаскелік полиция инспекторының тұрғын үй аймағы болып есептеледі. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде өте ыңғайлы. Өйткені, бұрын учаскелік инспектордың басқа аумақтағы жұмысқа баруы үшін…
Сомали астанасы Могадишода терроршы өзін жарып жіберді. Оқиға перзидент сарайы маңындағы мейрамхана жанында болған. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, олардың біреуі – бала. Тағы 7 тұрғын жарақат алған. Әзірге террорлық ұйымдардың ешқайсысы жарылысты өз мойнына ала қойған жоқ. Ал Үкімет өкілдері мұны «Әл-Шабаб» экстремистік тобының әрекеті деп болжап отыр.
Индер ауданында ажырасудың саны артты. Жыл басынан бері қосылған 42 жұптың жартысынан көбі некесін бұзды. Салдарынан алимент өндіру талаптары ұлғайып, бүгінде 25 өтініш қанағаттандырылған. Пандемия кезінде азаматтардың арыз-шағымдарын онлайн қарап, заң аясында шешім шығарған аудандық соттың төрағасы жасалған жұмыстарын баяндады. Жанат ХАБАРОВ, Индер аудандық сотының төрағасы: – Сот жұмысына келетін болсақ, қазіргі таңда Индер аудандық сотымен ағымдағы жылдың сегіз айында 18 қылмыстық іс қаралды. Аталған қылмыстық істердің ішінде 13-іне үкім шықты. Ал азаматтық істер бойынша 162 талап арыз келіп түскен, шешімдер шығарылып бітімгершілік келісімдер және медиациялық татуласу рәсімдері жүргізілген. Сондай-ақ, 156 әкімшілік құқықбұзушылыққа байланысты істер қаралды.
Мәскеуде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Қала әкімінің әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі орынбасары Анастасия Ракованың сөзінше, вакцинация екі кезеңді қамтымақ. Алдымен екпенің бірінші компоненті, ал 21 күннен соң екінші компоненті салынады. Олар иммундық жүйенің жұмысын нығайтатын белсенді заттармен байытылған. Вакциналау тегін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, екпе салдыруға ниетті еріктілердің қатары күн сайын көбейіп келеді. Бүгіннің өзінде 35 мыңнан астам тұрғыннан өтініш түскен. Екпе 18 жастан асқан, міндетті медициналық сақтандыру полисі бар, коронавирус инфекциясын жұқтырмаған және коронавируспен ауырған науқастармен кемінде екі апта байланыста болмаған адамдарға ғана салынады. Қазір зерттеуге қатысуға өтініш еріктілердің алғашқы легі медициналық тексеруден өте бастады. Вакцина салынатын адамдар…
Геологтағы сортаңға айналған карьер жуырда толықтай жабылуы мүмкін. Жергілікті «Caspian news» арнасының тілшілері жыл басында осы аймақтағы мәселені тұрғындардың наразылығы бойынша көтерген еді. Алайда «Арнаулы автобазадағылар» қыркүйекке дейін үш карьердің тек біреуін бітеген. Жұмыстың шабандығына қалада осындай ойықтардың көптігі себеп. Жауаптылардың айтуынша, қазір мердігер мекеме аумақтағы су мен жағымсыз иісті кетіру үшін қала маңындағы құрылыс қалдықтарын жинап, осы сайларға төгіп жатыр. Алмас ІЗТІЛЕУОВ, «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры: – Бір карьерді өткен айда жауып болдық. Ол жерді жабуға ай жарым уақыт кетті. Шамамыз келгенше қараша айына дейін үшеуін де толтырып тастауға тырысамыз. Не салсақ та, жер астына сіңіп кете береді. Біз…
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. – Қазіргі уақытта интернет бізге көмектесетін бірінші қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан күн сайын байланыс операторлары бірігіп, еліміздегі интернет аумағын ұлғайту үшін жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 6 459 ауылды аймақтар бар. Оның 4 646-сында әртүрлі технологияларды қолдана отырып, интернетке қолжетімділік қамтамыз етілген. Оның айтуынша, осы айда 150 елдімекенге сапалы мобильді интернет қосылды. Қалған 778 ауыл жыл соңына дейін қосылатын болады. Нақтырақ айтқанда, қазан айында 204, қараша мен желтоқсанда 473 ауыл сапалы интернетке қол жеткізбек.
Ақтауда 103 аялдаманы күтіп ұстау мақсатында жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Оның 72-сі түрлі түске сырланып, боялды. Бұл туралы Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашевке сілтеме жасап Маңғыстаумедиа хабарлады. Оның айтуынша, алдағы уақытта 68 аялдама жаңартылып, жабдықталады деп жоспарланған. Жетібай ҚҰБАШЕВ, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: – Жалпы, орталық көшелердегі аялдамаларды толықтай жабдықтау мақсатында «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі арқылы аукционға шығарылды. Аталған сауда-саттық биыл 24 дана аялдаманың жер учаскелері жеке кәсіпкерлерге берілді. Нәтижесінде, заманауи үлгіде 4 аялдама және 3 аялдама мобильді павильонмен орнатылды. Олар 11 шағынаудан 38 үйдің алды, 11 шағынаудан…
